Алаяқтар өзгенің нөмірімен Telegram арқылы хабарласа бастады

Өзге адамның нөмірін қолданып, Telegram арқылы хабарласатын алаяқтар көбейді. Бұл туралы «Код Дурова» сайты хабарлады.

Жаңа схема бойынша, қоңырау шалып отырған алаяқ өзін басқа абонент ретінде көрсете алады. Мұндай айла-шарғысын жасау өте оңай. Алаяқ Telegram-ға тіркелгенде немесе профилін өзгерткенде өзгенің нөмірін жазып, өзінің шынайы нөмірін құпиялық параметрі арқылы жасырып қояды. Сол кезде қоңырауды қабылдайтын екінші адамның экранында профильдегі нөмір көрсетіліп тұрады. Осыдан адамдар шатасуы мүмкін.

Басылым мұндай айладан қорғанудың бір шарасын атады: адам осындай ықтимал қауіпті қоңыраудың болғанын қаламаса, контактісі тізімінде жоқ нөмірлердің өзіне қоңырау шалуына тыйым салғаны жөн.

Factcheck.kz