Алаяқтар дипфейк арқылы ірі компаниядан 25 миллион доллар ұрлап алған

Гонконг полициясының мәліметі бойынша, алаяқтар трансұлттық компанияның қаржы қызметкерін алдап, банк шоттарына 25 миллион доллар аудартып алған. Алаяқтардың банктың қаржы директорының дипфейгін жасап, оны видеоконцеренцияға қосқан. Бұл туралы CNN хабарлады.

Бір қызығы, бейнеқоңырауға компанияның басқа да қызметкерлері қосылған. Бірақ оның бәрі фейк болып шықты.

Полицияның мәліметі бойынша, алданып қалған компания қызметкері алғашында – Ұлыбританиядағы қаржы директорынан жасырын транзакция жасау керек екені туралы хабарлама алғанда күдіктенген. Алайда басшы бейнеконференция арқылы байланысқан соң жәбірленушінің күмәні сейілген. Жәбірленушінің айтуынша, бейнеконференциядағы басқа әріптестерінің кейпі де құдды бір шын адамдай, көзіне тіке қарап сөйлеген.

Нәтижесінде алаяқтардың шотына жалпы 25,6 миллион доллар аударылған. Полиция компанияның және жәбірленушінің атын жария етпеді.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz