АҚШ аруы “Әлем аруы” байқауына трансгендер қатысатынын естіп, байкот жариялады ма?

2022 жылғы шілденің басында “АҚШ аруы “Әлем аруы” байқауына байкот жариялады, оған жақында Нидерланды аруы атанған трансгендердің сайысқа қатысатыны себеп болған” деген ақпарат тарады. Бұл туралы америкалық Dunning-Kruger Times сайты жазған. Snopes фактчекерлері деректің рас-өтірігін тексерді.

Наташа Беркельстон Американың қақ ортасында өсті. Индиана штатындағы Эшбаучердің тұрғыны аз, ондағы көп адам мемлекеттен көмек алады. Оған қоса бұл жер 8-бөлікке сәйкес (АҚШ-тың тұрғын үйді дамыту заңы – ред.), трейлер саябағындағы кең жолдарымен танымал.

Ол өзіне қарсы болғанның бәріне төтеп берді, Little Miss, Junior Miss және өз штатындағы Miss Teen конкурстарының жеңімпазы атанды. 20 жасында АҚШ аруы болды және “Әлем аруы” титулын алуға бір-ақ қадамы қалды. Өкінішке қарай, ол мұны жасамайтын болды. “Мен еркекпен жарыспаймын”, – деді ол ALLOD корреспонденті Джо Бэрронға. Ол мұнда Нидерландыдан келген жеңімпаз Рикки Валериді меңзеп отыр. “Киім ауыстыратын бөлмеге де кірмеймін. Ол қасиетті жер және еркектерге арналмаған.

Dunning-Kruger Times мақаласынан үзінді

Алайда мақаладағы ақпарат шындыққа жанаспайды. Біріншіден, Индиана штатында Эшбаучер деген қала жоқ. Екіншіден, Наташа Беркельсон деген қыз “АҚШ аруы” байқауын жеңген емес. Үшіншіден, Нидерланды атынан қатысатын трансгендер қатысушының есімі Рикки Валери емес, Рикки Колле. Төртіншіден, қазіргі “АҚШ аруы” – бұрынғы “Оңтүстік Каролина аруы” Морган Романо. Ол 2023 жылғы қаңтарда сол байқаудың алғашқы жеңімпазы Р’Бонни Габриэль “Әлем аруы” атағына ие болғаннан кейін титулды жеңіп алды.

Сонымен қатар, материалдың алғашқы дереккөзі ретінде көрсетілген Dunning-Kruger Times газетінің атауына Данниң-Крюгер эффектісі негіз болған. Бұл эффект психологияда “көптеген әлеуметтік және зияткерлік саладағы нашар орындаушылар өз тәжірибесі жетпейтінінен бейхабар” деген мағынаны білдіреді. Бұл сайт “пародия, сатира және күлкіге” арналған “Америка қорғанысының соңғы желісі” деген ақпараттық желінің бір бөлігі болып саналады.

Фактчекерлер мәлімдеменің сатира жанрында мақала жазатын сайтқа жарияланғанын ескеріп, оны әзілге балады.

Factcheck.kz