Ресей Украинадағы соғыс туралы жазған қазақстандық медианы сотқа шақырды

Ресейдің Владимир қаласындағы Ленин аудандық соты қазақстандық Arbat.media басылымын Украинадағы соғыс жөнінде мақала жариялағаны үшін сотқа шақырды. Бұл туралы “Азаттық Радиосы” хабарлады.

Роскомнадзор шақырту қағазында Arbat.media басылымының Украинадағы соғыс туралы материалында шындыққа жанаспайтын ақпарат бар екенін жазған.

Ал Аrbat.media редакциясы өзіне тағылған айыппен келіспейді.

Айта кетейік, осыған дейін Роскомнадзор “Власть”Informburo.kzRatel.kz, Newtimes.kz сияқты бірқатар қазақстандық сайтқа Украинадағы соғысқа қатысты материалдарды өшіруді талап етіп, хат жолдаған. Орындамаған жағдайда сайтты ел аумағында бұғаттайтынын мәлімдеген.

Factcheck.kz