Ресей қазақстандық сайттан соғыс туралы ақпаратты өшіруді талап етті

Ресейдің байланыс және бұқаралық коммуникацияларды қадағалау қызметі (Роскомнадзор) қазақстандық “Власть” сайтынан Ресейдің Украинаға басып кіруі туралы жаңалықтарды сайттан алып тастауды талап еткен. Мұны орындамаған жағдайда ресурсты Ресей аумағында бұғататтайтынын мәлімдеген бірнеше хат жолдаған. Бұл туралы “Власть” хабарлады.

Роскомнадзор Украинаның Винница қаласында ондаған адамның өмірін қиған ресейлік зымырандар және бірнеше ай бойы ресей әскерінің қоршауында болған Украинаның Мариуполь қаласындағы бейбіт тұрғындардың қазасы туралы ақпаратты өшіруін талап етті.

Алайда “Власть” сайты ресейлік ведомствоның талабын орындамайтынын хабарлады.

Власть – қазақстандық басылым, оның қызметі Ресей заңдары мен қадағалау органдарымен реттелмейді. Редакция Украинадағы соғыс туралы немесе басқа да жаңалықтарды өшірмейді және әскери цензураға жауапты ресейлік департаменттің бұл мәселеге қатысты пікіріне қарамастан ақпарат жариялауды жалғастырады.

Власть

Ресейдің Украинаға басып кіруі басталғалы бері Ресейде мыңдаған сайт бұғатталды. Оның бірден-бір себебі — медиа өкілдерінің Украинадағы жағдай туралы ақпаратты “арнайы операция” емес, “соғыс” деп атауы.

Factcheck.kz