Роскомнадзор қазақстандық медиадан соғыс туралы жаңалықты өшіруді талап еткен

14 сәуірде қазақстандық NewTimes.kz порталы Роскомнадзордан “заңға қайшы жаңалықты сайттан өшіруді талап еткен” хабарлама алған. Бұл туралы Newreporter.org сайты хабарлады.

Ескерту қай мақалаға байланысты екендігі хабарламадағы сілтемеде көрсетілген. Бұл Еуроодақтың жаңа санкциясына байланысты жаңалық еді, мақалада BBC News орыс қызметіне сілтеме жасадық. Роскомнадзор хабарламасына сай, жарияланған материал “жалған” екендігі және онда “Ресей Федерациясының қарулы күштері жүргізіп жатқан арнайы операция туралы сенімсіз дерек жазылғаны” белгілі болды.

Хабарлама қазақстандық хостиң компания арқылы жіберілген. Роскомнадзор провайдерге шағым жіберіп, бұл туралы “ақпараттық ресурстың иесіне дереу хабарлауға” міндеттеген.

Дмитрий Ким, NewTimes.kz ақпараттық агенттігінің директоры

15 сәуірде NewTimes.kz сайты жаңалықты өшіріп, Роскомнадзор талабын орындады. Журналистер сөзінше, олар ресейлік аудиторияға сайттың қолжетімді болғанын қалайды. Алайда олар “соғысты — соғыс деп танитынын” мәлімдеді.

Контекст

Роскомсвобода мәліметінше, Украинаға қарсы соғыс басталғалы Роскомнадзор Ресейде шамамен 2300 ресурсты бұғаттады. Олардың арасында «Настоящее время», «Радио Свобода», «Голос Америки», «Медуза», «Deutsche Welle», «Bild», «Белсат» және басқа да сайттар бар.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz