Ресей тағы бір қазақстандық сайттан соғыс туралы материалды өшіруді талап етті

15 желтоқсанда Ресейдің байланыс, ақпараттық технологиялар және бұқаралық коммуникацияларды қадағалау федералдық қызметі (Роскомнадзор) қазақстандық Informburo.kz сайтына 2022 жылғы 20 қарашадағы Украинадағы соғысқа қатысты кешкі шолуын өшіру туралы хат жолдаған. Талапты орындамаған жағдайда сайттың Ресейде бұғатталатынын мәлімдеген. Бұл туралы редакция өзінің порталында хабарлады.

Редакция басшысы осы хабарламаны алған күннен бастап бір күн өткен соң заңнаманы бұзу арқылы таратылған ақпаратты өшіруден бас тартса немесе әрекетсіздік танытса, көрсетілген ақпараттық ресурсқа қолжетімділік шектеледі.

Роскомнадзор

Алайда редакция Роскомнадзордың талабын орындамайтынын мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін Vlast.kz, NewTimes.kz және Ratel.kz сайттарына да осындай мазмұндағы хат келген. Vlast.kz редакциясы Ресей билігі талабын орындамайтынын бірден жазған.

Factcheck.kz