Марбург вирусы: рас-өтірігі қайсы?

Жақында әлемдік және қазақстандық медиада Ганада Марбург вирусы тіркелгені туралы ақпарат тарады. Оның ішінде вирустан “100% өлім; өлім көрсеткіші 90%-ті құрайды деген ақпарат та кезігеді. Factcheck.kz оқырмандардың өтініші хабарламаның бойынша рас-өтірігін анықтауға тырысты.

Әлеуметтік желіде тараған ақпарат

Мәлімдеме: Емі жоқ. Вакцинасы жоқ. Өлім көрсеткіші 90%. Гана билігі Марбург вирусы тіркелген екі жағдайды хабарлады. Вирус тез жұғатындығымен және Эбола сияқты геморрагиялық қызба тудыратынымен ерекшеленеді.

Желіде тараған ақпараттан үзінді

Үкім: Шындық және манипуляция

Шындығы неде: Ганада екі адам өлген, анализ нәтижесіне сай, оларда Марбург вирусы болғаны расталған. Науқастардың бір-біріне байланысы жоқ, бірақ бірдей симптомдармен бір ауруханада болған. Олардың бірі 26 жастағы Гана тұрғыны, 26 маусымда келіп, келесі күні өлген. Екіншісі 28 маусымда ауруханаға түсіп, сол күні қайтыс болған.

Несі манипуляция: Біріншіден, вирусты жоятын препарат тіркелмегені рас болғанымен, регидратация және симптоматикалық емді ертерек бастау пациенттердің өмір сүру мүмкіндігін арттырады. Екіншіден, вирусқа қарсы вакцина тіркелмесе де, мұндай зерттеулер жүргізіліп жатыр. Үшіншіден, вирустан орташа өлім деңгейі шамамен 50%. Бұған дейін ауырғандарда өлім көрсеткіші вирустың штаммына және медициналық көмектің сапасына байланысты 24-88% аралығында болған.

Жақын күндері Ганаға Дүнниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары инфекция тарауының алдын-алу үшін күш салуға барады. “Билік тез жұмыс істеп, вирустың ықтимал тарауына дайындала бастады”, – деді ДДСҰ-ның аймақтық директоры Матшидисо Моэти. “Бұл өте маңызды, өйткені Марбург бақылаудан оңай шығып кетуі мүмкін”.

Медицина қызметкерлерін қосқанда 90-ға жуық адам науқастармен байланыста болған, қазір олардың барлығы мамандардың бақылауында.

Марбург туралы не білеміз?

Вирус алғаш рет 1967 жылы бір уақытта Марбург пен Франкфуртте және Сербияның Белград қаласында анықталған. Аурудың тарауы Угандадан әкелінген африкалық жасыл маймылдарды (Cercopithecus aethiops) зертханада қолдануға байланысты болған. Содан кейін вирус түрлі елде бірнеше рет тіркелген.

Марбург Эбола вирусы сияқты, филовирустар тұқымдасы (Filoviridae). Бұл екі ауру әртүрлі вирустан туындаса да, клиникалық көріністері ұқсас. Екеуі де сирек кездеседі және өлімге алып келу көрсеткіші жоғары болуы мүмкін. Марбург вирусының табиғи тасымалдаушылары — Rousettus aegypti (Pteropodidae тұқымдас жеміспен қоректенетін жарқанаттар). Марбург Rousettus жарқанаттары өмір сүретін шахталарда немесе үңгірлерде ұзақ уақыт жүргеннен жұғуы мүмкін.

Ауру вирусты жұқтырған адамның қанымен, секрецияларымен, органдарымен немесе басқа да физиологиялық сұйықтықтарымен тікелей физикалық байланыс (терінің немесе шырышты қабықтың зақымдануы арқылы) нәтижесінде тарайды.

Фактчекер-журналист. Organised Crime and Corruption Reporting Project ұйымында тағылымдамадан өтті, Factcheck.kz сайтының авторы әрі шығарушы редакторы.

Factcheck.kz