11.12 | Порносайтқа төлем жасаудың тоқтауы, “Жас Отан” съезіндегі шектеу, салық органдарының қысымы жайлы дискуссия

Mastercard және Visa қолданушыларына порносайтқа төлем жасау тоқтатылды

Mastercard Inc және Visa Inc New York Times-та жарияланған мақаладан кейін Рornhub-қа төлем жасауды тоқтатты. Мақалада “порносайттағы видеоларда балаларға сексуалдық зорлық-зомбылықты көрсетілетіні” айтылған. Компания шешімі туралы Reuters хабарлады.

Mastercard хабарлауынша, компания өзінің картасын сайтқа пайдалануды біржола тоқтататы. Ал Visa тергеу аяқталғанға дейін төлемдерді тоқтатқанын мәлімдеді.

New York Times мақаласында порносайтта кейбір видеоларда ес-түссіз әйелдер мен қыздарға жасалған шабуыл бар екені айтылған. Pornhub бұл айыптауды жоққа шығарды.

“Жас Отан” съезі жабық өтті. Мемлекеттік күзет Азаттыққа ғимарат маңын түсірткізбеді

11 желтоқсан күні таңертең Нұр-Сұлтан қаласындағы “Нұр Отан” ғимаратында партияның жастарға арналған “Жас отан” съезі басталды. Оған бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаев та қатысады деп хабарланған еді. Бұл туралы “Азаттық радиосы” жазды.

11 желтоқсанда таңертең “Нұр Отан” ғимаратының алдында мемлекеттік күзет қызметкерлері, полиция, арнайы жасақ өкілдері жүрді. Мемлекеттік күзет өкілдері ғимарат маңын түсірейін деп жатқан Азаттық тілшілеріне “камераға түсірсеңіздер әкімшілік жазаға тартамыз” деп, ғимарат маңынан жүргізбеді. Әрі-бері өтіп жатқан адамдарға да бұл жақты “айналып өту қажеттігін” айтты. “Нұр Отан” ғимаратының үстінде екі адам бинокльмен маңайды бақылап тұрды.

“Нұр Отан” партиясының баспасөз қызметі жиынға ақпарат құралдарын не себепті кіргізбегенін түсіндірмеді. Жиыннан тікелей трансляция болмайтынын, түстен кейін видео тарататынын айтты. Бірінші президент кеңсесінің баспасөз қызметі де жауап бермеді.

“Қазақстанның коммерциялық емес ұйымдарына салық органдарының қысымы” атты онлайн-дискуссия өтті

11 желтоқсанда Expert Public Space азаматтық қоғамына арналған Қазақстанда өтетін сайлау қарсаңында “Қазақстанның коммерциялық емес ұйымдарына салық органдарының қысымы” атты онлайн-дискуссия өтті.

Дискуссия барысында үкіметтік емес ұйымдардың қазіргі жағдайы және салық органдары тарапынан бұзушылықтар талқыланды. Сонымен бірге, салық органдары тарапынан жасаған қысымға үкіметтік емес ұйымдарға қалай төтеп беруге болатыны айтылды.

Онлайн форматта өткен дискуссияда мемлекеттік органның, халықаралық ұйымдардың, Қазақстанның азаматтық және сарапшылар қоғамдастығының өкілдері қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, 30 қарашада азаматтық қоғамның бірқатар тәуелсіз коммерциялық емес мекемелері мен құқық қорғау ұйымдары салық органдарының шабуылына ұшырағанын хабарлады.

Ал 3 желтоқсанда билік қысымын тоқтатуға Amnesty International, Front Line Defenders, Human Rights Watch және International Partnership for Human Rights ұйымдары үндеді.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz