Зомби-фейк: Тамақты тұзды сумен шаю — вирус тарауын тоқтатады

WhatsApp месенджерінде коронавирустың “тарауын тоқтатудың жолын көрсететін” ақпарат тарап жатыр. Мәтінде “вирустың өкпеде ғана тарамайтыны, инфекция жұққан алғашқы аптада жұтқыншақта тарайтыны“, ал мұның алдын алу үшін күнде тамақты тұзды сумен және содамен шаю керек екені жазылған.

Factcheck.kz ақпараттың рас-өтірігін тексерді.

  • Зомби-фейк: Тамақты тұзды сумен шаю — вирус тарауын тоқтатады
  • Зомби-фейк: Тамақты тұзды сумен шаю — вирус тарауын тоқтатады

Үкім: Зомби-фейк

Тамақты тұзды сумен не содамен шаюдың коронавирусқа қарсы тиімділігі дәлелденбеген, бұл ақпараттың өзі бірнеше рет терістелген. Мәтіннің сапасыз аудармасы оның басқа тілден келген зомби-фейк екенін көрсетеді.

Ауызды тұзды су немесе содамен шаю туралы ең алғаш рет Гуанжоу медицина университеті маманы Чжун Наньшан айтқан. Алайда маманның сөзі кейіннен желіде бұрмаланып тараған.

Ауызды, мұрынды не тамақты тұзды су немесе содамен шаю коронавирусты толық жояды деген дерек жалған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) ақпаратына сай, бұл амал респираторлық инфекция кезінде көмектеспейді. Осы пікірді Оксфорд университетінің профессоры Труди Ланг та қолдайды. Т.Х Чан атындағы Гарвард зерттеу орталығының дерегіне сай, тамақты тұзды сумен жиі шаю коронавирустан қорғайтыны туралы ешқандай дәлел жоқ. Ол тамақ ауруын жеңілдетсе де, вирустың өкпеге енуіне кедергі бола алмайды.

Ал сірке суымен жасалған зерттеу жұмысы, оның вирусты жоюда еш пайдасы жоқ екенін көрсеткен. Ғалымдардың зерттеу қорытындысына сай, сірке суы тек микробтарды жоюға қауқарлы деген тұжырым жасаған.

Германия канцлері мен Германияның Денсаулық сақтау министрлігінің сайттарынан тамақты тұзды сумен шаю туралы бірде бір ақпарат табылмады. Бұл адамдарды сендіру мақсатында белгілі бір ұйымды не мемлекетті араластырып жасалған айла.

Жоғарыда мысал еткен тұз, сода, сірке суы, сарымсақ қосылған сумен мұрынды, тамақты шаю вирусты жоймайтынын бұрындары да жаздық:

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің түлегі (2021). Әлеуметтік ғылымдар магистрі (2023). OMS (Online Media School, 2020) және OFA (Online Factcheck Academy, 2021) түлегі.

Factcheck.kz