Қастандық теориясы: вирус шашатын ұшақтар мен тікұшақтар

Қастандық теориясы: вирус шашатын ұшақтар мен тікұшақтар

Әлеуметтік желі мен чаттарда жаңа (әлем бойынша емес, тек Қазақстан үшін) қастандық теориясы жиі айтылып жатыр. Facebook желісінде “міне, қазақты қынадай қырудың ең оңтайлы жолы – ұшақпен вирус шашу”, Instagram-да химиялық жолдар және тікұшақ пен ұшақтан вирустардың (атап айтқанда жаңа коронавирустың) таралып жатқаны туралы хабарламалар тарап, ал Youtube-та “жолаушылар ұшағынан вирустардың таралып жатыр” деген видеолар жарияланып жатыр.

Оқырмандар сұранысы бойынша “халықты бактериологиялық қару-жарақпен жою” туралы қастандық теориясын зерттеп көрейік. Сонымен қатар, стронций, барий және литий туралы нұсқалары бар.

Қастандық теориясы: вирус шашатын ұшақтар мен тікұшақтар
Facebook желісінене

Химтрейл – бұл аэрозоль түріндегі химиялық із. Ол химиялық және биологиялық қаруды ұшақпен шашыратқаннан кейін пайда болады. Биіктікте ұшатын конденсат ізі біздің көз алдымызда жоғалып кетеді және ұзақ уақыт көрінбейді. Химиялық іздер бірнеше сағат бойы ауада қалқып, кең жолақтар жайылып, аспанды бозғыл тұманмен жабады.

Видеодан үзінді
Telegram WhatsApp-та тарап жатқан видео

Тағы мынадай хабарлама тарап жатыр

Бәріңе сәлем! Мен барлығына осы демалыс күндері мүлдем шықпауыңызды және терезелерді ашпауыңызды жөн екендігін ескерткім келеді. Апта бойы болуы мүмкін, бірақ білмеймін. Сіз таңдауды өзіңіз жасай аласыз, бірақ тікұшақпен жасалатын өңдеуден кейін ауада пневмония бере бастайды. Бұл жайлы Ақтөбеде барлық дерлік адамның ауырғаны айтылып жатыр. Сонымен бірге Шымкентте бар. Масканы мұрныңыздан төмен кимеңіз.

Алдын ала жасалған қорытынды

Бұл адамдардың физика және оптика заңдарын білмеуіне негізделген қастандық теориясы ғана. Атмосферадағы конденсациялық (немесе инверсиялық) із биіктік пен ауа-райына байланысты әртүрлі жағдайда өзгере береді, ал әртүрлі ұшақтардың іздері жерден 10 км-ге дейін кең дәлізде орналасады, ал химтрейл теориясының жақтастары бұны еш елемейді.

Тікұшақтан реактивтерді шашырату туралы айтар болсақ болсақ, кем дегенде бірнеше ай бойы бүкіл әлемді шарлап келе жатқан зомби-фейк екенін ұмытпайық.

Қазақстанда қолданылатын дезинфекцияның құрамы жасырын ақпарат деп айта алмаймыз. Бұл кез келген хлорлы ағартқыштың құрамына кіретін натрий гипохлоритінің ерітіндісі.

Алдымен, «химиялық жолдардың» логикасы мен физикасына тоқталайық

Тіпті бір “әлемдік үкімет” және басқа да “масондар мен рептилоидтар” өзге адамдар секілді ауамен дем алып, ал химикаттарды 7-10 км биіктікте шашыраған сәтін бақыланбайтын болса, онда бірнеше негізгі пункттерге бөлсек болады:

  • Коспирологияға бағынбай айтсақ, бұл ұшақтың қарапайым конденсациялық ізі. Тек әртүрлі биіктікке қарай өзгеріп, аспанда жоғалудың әртүрлі уақыты бар (төмендегі құбылыстың физикалық сипаттамасын қараңыз).
  • Неге әлем бойынша адам саны осы конспирологиялық теорияның пайда болған сәтінен бастап азаймайды, керісінше әрдайым өсіп жатыр. Немесе химикаттар өте тиімсіз, немесе қателесіп жатқандардың күші тым мықты.
  • Бірде-бір зерттеулер осы конспирологиялық теорияны растамайды.
Қастандық теориясы: вирус шашатын ұшақтар мен тікұшақтар
Оптикалық әсерге байланысты бізге іздер қиылысып жатқандай көрінеді, бірақ олар әртүрлі биіктікте орналасқан. Ара-қашықтық бірнеше километр болуы мүмкін.

Инверсиялық із дегеніміз не және ол қалай қалыптасады?

АҚШ Ұлттық метеорологиялық қызметінің материалдарымен жазылды.

Инверсиялық із – реактивті ұшақпен қалдырылған конденсациялық із. Ол реактивті ыстық ылғалды ауа төмен қысымды ауамен және төмен температурамен араласқанда пайда болады. Араласу процесі қозғалтқышпен жасалатын турбуленттілікке байланысты ұшақтың артында болады. Егер конденсация орын алса (газдың сұйықтыққа айналуы), инверсиялық із көріне бастайды. Осы биіктіктегі ауа температурасы өте төмен болғандықтан, конденсация үшін аз сұйықтықты жеткілікті болады.

Инверсиялық іздің ұзақтығы атмосферадағы ылғалдың мөлшеріне тікелей пропорционалды. Құрғақ атмосферада инверсиялық із ұзаққа созылмайды немесе мүлдем болмайды, ал дымқыл жағдайда керісінше. Егер инверсиялық іздер ұзақ уақыт бойы сақталса, мысалы, бір сағат немесе одан да көп болса, олар аспанға бұлт сияқты таралуы мүмкін.

Инверсиялық іздер реактивті ұшақтардың ұшу тарихынан бастап тіркеледі. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде инверсиялық іздердің көп болғаны соншалықты, ұшқыштар соғыс кезінде көршілес немесе жау ұшақтарымен дұрыс көрмегендіктен байланыс жасай алмады.

Қастандық теориясы: вирус шашатын ұшақтар мен тікұшақтар

Инверсиялық іздер климатологтардың алаңдаушылығын тудырады, себебі реактивті ұшақтар санының артуы ауа райының бұлтты болуын жиелетуі мүмкін. Инверсиялық із түзілуіне және олардың Климаттық салдарларына қатысты бірқатар ғылыми зерттеулер жүргізілген. Қауырсын бұлттар күн сәулесін бейнелеп, планетаның бетінен жылуды жоғалтуға жол бермей, жер климатына әсер етеді. Әуе қозғалысының кейбір ауыр дәліздерінде бұлт жамылғысы 20% – ға артады. Инверсиялық іздер таралуы мүмкін және шын мәнінде қауырсын бұлттарға айналып, олар планетаның климатына ұқсас түрде әсер етуі мүмкін деп айта аламыз.

Литий, барий, стронций

Бұл жалған ақпараттың тарауына NASA-ның ионосферадағы тәжірибелері себеп болды. 2018 жылы factcheck.org сайтындағы әріптестеріміз бұл туралы егжей-тегжейлі сипаттады. Қысқаша айтайық: 2013 жылдан бастап NASA ионосфераны зерттеу үшін зымырандарды ионосфераға жіберді (60 немесе одан да 100 км жоғары биіктікке). Зымыранмен жіберілген заттар сізге аспанды «басқа түспен» және ионосферадағы процестерді көзбен бақылауға мүмкіндік береді. Төмендегі суретте литий газы бар екі зымыранның ұшырылу нәтижесін көре аласыз, шашырату процесі Жерден 100-ден 160 км биіктікте шықты.

Қастандық теориясы: вирус шашатын ұшақтар мен тікұшақтар

Қастандық теориясын жақтаушылар литийден неліктен қорқады? Литий тұздары биполярлық ауытқыларды емдеуде қолданылатын дәрілердің бөлігі. Ол іске қосылғаннан кейін қастандық теоретиктері мұны халықты уландыру әрекеті деп атады.

Неліктен конспирологтар қателесіп отыр? Қашықтық пен физикалық жағдайды ескерсек, бұл мүмкін емес нәрсе. Мұндай биіктікте шашыраған заттың маңызды мөлшері жер бетіне емес, тіпті атмосфераның төменгі қабатына да жетпеуі мүмкін.

Ал 2017 жылы шашырау кезінде барий, стронция және триметилалюминийге (бейне жылдамдатылған, бұлттар жарты сағат бойы көрінеді) ұқсас Солтүстіктегі жарқыл бейненің көрінісі.

Шын мәнінде, заттар туралы да, эксперименттер мен олардың мақсаттары туралы да ешбір құпия жоқ. Барлық ақпарат NASA сайтында және ғылыми журналдарда толықтай көрсетілген.

Контекст: қастандық теориясы қайдан шықты?

Конспирологиялық теория 1990-шы жылдары пайда болды. Ол кезде стратосферада/ионосферада белгілі бір заттардың шашырауы арқылы ауа райына қалай әсер ететіні талқылана бастады. Конспирологтардың айтуынша, 1990-шы жылдардың ортасынан бастап Үкімет (әдетте АҚШ үкіметі деп аталады, бірақ кейде басқа үкіметтерді де айтады) ауа-райының өзгеруін, сананы бақылауды, химиялық/биологиялық қаруды сынауды, өнімге залал келтіру жолымен акциялар бағасын айла-шарғы жасауды және (бұл қазір біз байқап отырмыз) аурулардың таралуын қоса алғанда, жер шарын химиялық агенттермен жасырын зақымдату үшін азаматтық авиация ұшақтарын пайдаланады.

2011 жылы АҚШ-та, Канадада және Ұлыбританияда жүргізілген сауалнама респонденттердің 16,6% бұл теорияға сенгенін көрсетті.

Қастандық теориясының жақтастары әртүрлі пікір айтады. Кейбіреулердің пікірінше, бұл жаһандық жылынуды бақылау әрекеті, ал басқалары халықты бақылау, психологиялық манипуляциялар және био қару-жарақ сынақтары сияқты әлдеқайда қауіпті мақсаттарға әкелуі мүмкін.

Бұл теорияны ғалымдар мен ғылыми деректер бірнеше рет теріске шығарды

Теорияның таралуына байланысты, АҚШ үкіметі өзін қорғай бастады. EPA және Федералдық авиациялық басқару және Мұхит және атмосфералық зерттеулердің Ұлттық басқармасының ақпараттық бюллетені АҚШ Қоршаған ортаны қорғау агенттігінің сайтында жарияланды.

Aircraft-Contrails-Factsheet-1

Құжатта не деп айтылған?

Контрейлдар – бұл атмосфералық жағдайда реактивті қозғалтқыштардың артында көрінетін және олар мұз бөлшектерінен тұратын сызық түріндегі бұлттар секілді сақталады немесе «конденсация жолдары» деп аталады. EPA әдейі жасалған химиялық немесе биологиялық агенттердің атмосфераға шығаратыны бойынша қандай да бір әрекеттің барын жоққа шығарады.

Қастандық теориясын қолдаушылар азаймаған соң, ғалымдар зерттеуге қосыла бастады. 2016 жылы Карнеги ғылым институты мен Калифорния университетінің Ирвингеде жасаған зерттеуінде атмосфераның 77 жетекші зерттеушілері мен геохимиктері арасында сауалнама жүргізілген. Барлығы, тек біреуінен басқа жасырын түрде атмосфераны шашыраудың құпия ірі масштабты бағдарламасының мүмкін еместігі туралы айтты. Тек бір ғана ғалым атмосфералық барийдің өте жоғары деңгейін топырақтағы барий деңгейі төмен шалғай жерде тіркеді. Бірақ осы бір нәтижеден жасырын түрде химикаттармен шашыратамыз деген идеяға көшу үшін логика мен ғылымның барлық заңдарын жоққа шығару ғана жеткілікті.

Видеода көрсетілген қандай ұшақ?

Бұл өрт сөндіруге арналған ұшақ. Чилиде 2016 жылдың аяғы мен 2017 жылдың басында орман өрті болды. Елдің сол кездегі президенті Мишель Бачелет «бұл Чили тарихындағы ең жаман өрт болды» деп мәлімдеді. Ұшақ Израильде алғаш рет қолданылды. Ол 2016 жылдың қарашасында орман өрттерімен күресуге көмектесті және одан кейін Чилиге белсенді түрде көмектесті. Бір аптаның ішінде өрт саны 70-тен 32-ге дейін азайды.

Қастандық теориясы: вирус шашатын ұшақтар мен тікұшақтар

747 Global SuperTanker шамамен 75 800 литр суды немесе антипиренді сақтай алады. 180 метр биіктіктен түсірілген сұйықтық ең алапат орман өртін де сөндіре алады.

Қорытынды

  • Химиялық жолдар туралы қастандық теориясы ресми мәліметтерге сенбейтін және қырғи-қабақ теорияларға бейім адамдар арасында кең таралған. Біздің байқауымызға сәйкес, қастандық теористерінің көбеюі эпидемиялармен немесе табиғи апаттармен сәйкес келеді. Қалыпты уақытта химиялық жолдардың саны онша көп емес. Авиацияның дамуы жылдан жылға артып келе жатқан тұста, бұл теорияны жақтаушыларда көбейі жатыр.
  • 2000 жылы Федералдық авиациялық басқарма, АҚШ-тың Ұлттық авиациялық басқармасы қоршаған ортаны қорғау агенттігімен (EPA), Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі Ұлттық басқармасымен (NASA) және мұхиттар мен атмосфераны зерттеу жөніндегі ұлттық басқармамен (NOAA) қауесетті жоққа шығару үшін есеп беруге арнайы біріктірілді. Көріп отырғанымыздай, нәтижесін толықтай бере алмады.
  • EPA құжатты 2015 жылы қайта басып шығарды және барлық қауесеттерді тағы бір рет жоққа шығарды. Бұл теорияны ғалымдар бірнеше рет теріске шығарды, бірақ басқа қастандық теориясы секілді, қауесеттер тоқтамай жатыр.
  • Ионосфера туралы ғалымдардың бақылауларында ешқандай құпия жоқ. Заттар туралы да, эксперименттер мен олардың мақсаттары туралы да жасырын ақпарат кезіктірмейсіз. Барлық ақпарат NASA сайтында және ғылыми журналдарда толықтай көрсетілген.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz