Фактчек | Депутат Милютин зейнетақы туралы

10 наурызда өткен мәжілістің жалпы отырысында ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Александр Милютин зейнетақы жүйесі туралы мәселе көтеріп, бірқатар дерек келтірді. Factcheck.kz депутат сөзін тексерді.

…Бір зейнеткерге 4 жұмысшыдан келетін мұндай жүйе өзіндік сәтті жұмыс істей алатынын дәлелдеді. Егер ресми статистикаға сүйенетін болсақ, Қазақстанда қазір 8,7 млн адам жұмыспен қамтылған. Бұл сан зейнет жасындағы адам санынан 4 есе көп.

Александр Милютин

Үкім: Шындық

Ұлттық статистика бюросындағы дерекке сай, еліміздің экономикасында 8 744 500 адам жұмыспен қамтылған. Ал зейнет жасындағылар – 2 120 362. Тиісінше, жұмысшылар зейнет жасындағылардан 4,12 есе көп.

Контекст

Қазір Қазақстанда базалық, міндетті және ерікті деңгейден тұратын көп деңгейлі зейнетақы жүйесі жұмыс істейді.

  • бірінші деңгейі (базалық) – мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі (республикалық бюджет);
  • екінші деңгей (міндетті) – міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен ынтымақты жүйеден (республикалық бюджет) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақылар;
  • үшінші деңгей (ерікті) – ерікті зейнетақы жарналары есебінен төлемдер.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушылар 2 млн. астам адамды құрайды.

Фактчекер-журналист. Factcheck.kz сайтының шығарушы редакторы.

Factcheck.kz