ЕАЭО елдері ішінде ең көп инфляция Қазақстанда тіркелді ме?

Ulysmedia.kz сайты 20 шілдеде Еуразиялық экономикалық комиссияның отырысына сілтеп, “Одақ елдерінде инфляция қарқыны төмендеп келе жатқаны хабарланды. Алайда, Қазақстан бағаның өсуі бойынша ЕАЭО-ның басқа елдерінен әлі де алда тұр” деген ақпарат таратты. Расымен де Қазақстанда Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) ішінде ең жоғарғы деңгейдігі инфляция тіркелді ме? Factcheck.kz ақпараттың қаншалықты рас екенін тексерді.

ЕАЭО елдері ішінде ең көп инфляция Қазақстанда тіркелді ме?

Үкім: Шындық

ЕАЭО елдерінің ресми статистика органдарының ақпаратына сай, Қазақстан жылдық инфляция көрсеткіші бойынша көш бастап тұр. Нақтырақ айтсақ, бір жылда инфляция (2022 жылдың маусымынан 2023 жылдың маусымы аралығында) Қазақстанда 14,6%- ке, Қырғызстанда 10,5%-ке, Ресейде 3,25%-ке, Беларусьте 2,9%-ке, Арменияда -0,5%-ке жеткен.

Контекст

Ресейдің Украинаға қарсы бастаған соғысынан соң, яғни 2022 жылдың ақпанынан кейін Қазақстан экономикасындағы басты мәселенің бірі — инфляцияның өсімі болды. Бұл тенденция 2018 жылдан бергі көрсеткіштерге қарасақ анық көрінеді. Көрсеткіштің аз да болсын төмендеуі тек 2023 жылдың наурызында байқалды.

Фактчекер-журналист. Factcheck.kz сайтының шығарушы редакторы.

Factcheck.kz