ҚР Бас прокуратурасы АҚШ тауар штрих-кодын пайдалана ма?

«Единство осознанных» тобы халықты қайта дүрліктіріп, әртүрлі жалған ақпарат таратып жатыр. Бұл жолы олар «ҚР Бас прокуратурасы АҚШ-тың компаниясы» деп мәлімет таратты. Сөздері дәлелді болу үшін ресми хаттағы штрих-кодты көрсетті.

Штрих-кодқа қатысты қызықты әңгімені бастамас бұрын, жалпы қандай оқиға болғанына қысқаша тоқтала кетейік. 14 қазанда вакциналауға қарсы қозғалыстың танымал көшбасшысы Ольга Шанталь (Ольга Кабанюк) өзінің Instagram-дағы парақшасында видео жариялады. Ол онда Бас прокуратураның «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жазған хатының желілік бар-кодын сканерлеген кезде EAN13 стандартының бар-коды шығатынын көрсетеді. Ал бұл EAN13 штрих-коды АҚШ-та өндірілген тауарға ғана шығады-мыс.

ҚР Бас прокуратурасы АҚШ тауар штрих-кодын пайдалана ма?
ҚР Бас прокуратурасы АҚШ тауар штрих-кодын пайдалана ма?
Инстаграм olga_shantal

Осыдан кейін бізге «Единство Осознанных КЗ» тобы арқылы таныс Елена Рутковская топтың телеграм-каналына Ольга Шанталь жариялаған видеоны салып, түсініктеме жазады:

ҚР Бас прокуратурасы АҚШ тауар штрих-кодын пайдалана ма?

Ал енді өте қызық оқиға басталайын деп жатыр. Еншеде талдауды бастайық.

Жалпы үкім: Фейк

Видеодағы құжаттың штрих-кодын арнайы бағдарламамен сканерлеу керек. Ал бейнеролик авторлары оны тауарларға арналған қосымшамен сканерлейді. Барлық штрих-код бір қағида бойынша жасалатындықтан, тауарды сканерлеуге арналған қосымша оны тауар ретінде көрсетіп, ақпаратты өз алгоритмі бойынша ұсынады. Ал UPIK жүйесіне ойдан шығарылған заңды тұлға туралы да мәлімет қосып қоюға болады.

Бұл контексте хаттың рас-өтірігі де маңызды емес. Дегенмен бәріне рет-ретімен тоқталайық.

Мәлімдеме: Бас прокуратураның жауабында АҚШ штрих-коды бар.

Ольга Шанталь

Үкім: Жалған

Штрих-код жүйесіне көп тоқталмастан (ол туралы мына немесе мына жерден танысуға болады) бірден айта кетейік, ғаламдық GS1 стандарттау ұйымының сайтында былай жазылған: «GS1-ге мүше компаниялар әлемнің кез келген жерінде өнім шығара алатынына назар аударыңыз, сондықтан GS1 префикстері өнімнің қай елде шыққанын көрсетпейді». Нақтырақ айтар болсақ: «GS1 префиксі өнімнің белгілі бір елде немесе өндірушіде шығарылғанын көрсетпейді; тауар әлемнің кез келген жерінде жасалуы мүмкін».

Негізі префикстер (EAN13 штрих-кодындағы алғашқы 3 сан), белгілі бір елге емес, GS1-дің елдік немесе аймақтық өкілдігіне «бекітілген». Егер тексеретін басқа бағдарлама (интернетте ондай жетерлік) пайдаланса, онда «1100435351537 штрих-коды расталады және өндіруші ел деп Канада немесе АҚШ-ты көрсетеді». Оның рас-өтірік екені туралы сәл кейінірек тоқталамыз.

Тауар штрих-коды туралы

Өнімді штрих-код арқылы тексеруге арналған қосымшалар өндірілген елге қатысты ақпараты нақты емес. Мұндай қосымшалар ауқымды деректер базасын, оның ішінде жаһандық тіркеушінің өкілдіктеріне бекітілген префикстер бойынша мәліметтерді пайдаланады. Сонымен қатар жаһандық деңгейде де, Қазақстанда да префикске қатысты ешқандай заңнамалық талап жоқ. Яғни компания Қытайда өндірілген тауарды елімізге алып келіп, қазақстандық «487» префиксін бекіте салуы әбден мүмкін. Штрих-код ең алдымен келсімшарт жасалған GS1 өкілдігінің елін көрсетеді. Ол компанияның қайда орналасып, өнімді қай жерден шығып жатқанына байланысты емес.

Басқа жағдайдағы штрих-кодтар туралы

Ал енді негізгі мәселеге көшелік. Есепті ыңғайлы жүргізу үшін барлық жерде сызықтық штрих-код, QR-код және таңбалаудың басқа да тәсілдері қолданылады. Оларды ұйым, ел, жеке компания немесе мемлекеттік мекеме ішіндегі құжат айналымында пайдалануға болады. Штрих-кодта ЖСН (жеке куәліктегі сияқты), хат нөмірі (поштадағыдай), қызметкер туралы ақпарат, рұқсаттама және кез келген құжаттың нөмірі және т.б. шифрлануы мүмкін.

Ал мұндай ақпаратты «оқу» үшін смартфондағы сканер келмейді, ол үшін тиісті кодталған ақпаратты тексере алатын бағдарламасы бар құрылғы қажет. Бір қызығы, осындай конспирологтардың бірде-біреуі супермаркет кассасынан өзінің жеке куәлігіндегі штрих-кодты сканерлеп көрмеген. Әйтпесе «Әлемдік корпорациялар Қазақстан азаматы үшін қанша ақша берді» деген сияқты қызықты мәлімдеме жасауға болушы еді.

Осылайша, егер видео авторы сканерлеген хат расымен де Бас прокуратурадан алынса, онда штрих-код Прокуратурадағы жұмысты жеңілдету үшін жасалған. Ал оның алғашқы үш саны GS1-дің Солтүстік Америка бойынша өкілдігінің префиксіне сәйкес келіп кеткен. Осы тұста айта кетейік, штрих-кодты кез келген адам өз бетінше әрі тегін жасай алады.

Неліктен сканерлер Бас прокуратураның хатындағы штрих-кодты рас деп көрсетеді?

Оның рас-өтірігі соңғы, бұл жағдайда 13 деген санмен анықталады. Яғни ол үшін алдыңғы сандарды қарапайым математикамен шығарып алуға болады.

Мысал келтірейік, видеодағы EAN13 коды бойынша цифрларды іздеу кезінде 13 емес, 12 таңбалы UPC коды бойынша ақпарат береді.

Мәлімдеме: Бас прокуратура UPIK-те тіркелген АҚШ компаниясы. Осыған қоса барлық министрліктер, Президент әкімшілігі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ және «мемлекеттік органдар» деп аталатын барлық мекеме АҚШ компанияларына жатады.

Елена Рутковская

Үкім: Фейк

ҚР Бас прокуратурасы АҚШ тауар штрих-кодын пайдалана ма?
Дереккөз

Бұл фейкті орыс тілді оқырмандар арасында бірнеше жылдан бері «КСРО азаматтары» атты экстремистік орталықтандырылмаған секта орыстілді оқырмандарға таратып келеді. Олар бірнеше рет әшкереленді, алайда жалған ақыл-ойды қоздыруды жалғастырып жатыр. Сектаның идеологиялық жақтастары тек Ресей Федерациясында ғана емес, ТМД елдерінде де бар сияқты. «КСРО азаматтары» референдумның нәтижелеріне байланысты «МОД Народное единство» ұйымы сияқты Ресей мемлекеті бар екенін мойындамайды. Бұл ұйымның мүшелері коммуналдық қызметке ақша бермей, салық төлемейді, сондай-ақ алған несиесін қайтармайды. Себебі Ресей Федерациясының паспорты жол жүру құжаты секілді түкке тұрмайтын қағаз деп мәлімдейді. Бұған дейін айтқанымыздай, Елена Рутковская мен оның еліміздегі басқа да жақтастары «МОД Народное единство» ұйымына тікелей қатысы бар.

UPIK және сектанттарға қатысты басқа да оқиғалар туралы келесі видеоны қарап шығуға кеңес береміз (10 минуттан бастап).

Егжей-тегжейлі тоқтамай, ең маңыздысын айтатын болсақ, UPIK деген (Серіктестің бірегей сәйкестендіру кілті) D-U-N-S нөміріне өтініш беруге мүмкіндік беретін көп онлайн платформаның бірі.

UPIK веб-сайтының, сондай-ақ қызмет алу үшін пайдаланушы келісімінің провайдері – германиялық Bisnode Deutschland GmbH компаниясы (Роберт Бош Страссе 11, 64293, Дармштадт). Бұл платформада кез келген компания тіркеліп (тіпті ойдан шығарылған – экспериментті қарап көріңіз), D-U-N-S нөмірін ала алады.

Data Universal Numbering System (D-U-N-S) деген – 60-шы жылдардың ортасында ұйымдар мен компанияларды каталогтау мақсатында Dun & Bradstreet АҚШ компаниясы әзірлеген бизнес субъектілерің цифрлы сәйкестендіру жүйесі. ТМД аумағында «Интерфакс» – «Интерфакс-Дан энд Брэдстрит» жұмыс істейді. Бұл «Интерфакс» халықаралық ақпараттық тобының және Dun & Bradstreet (NYSE: DNB) заңды тұлғалар туралы ақпарат нарығындағы жаһандқ көшбасшының бірлескен кәсіпорны. Осы бірлескен кәсіпорынның веб-сайтынан да D-U-N-S алуға болады.

Сонымен D-U-N-S арқылы «КСРО азаматтары» айтқан компанияны іздеп көрейік. Мақсатымыз – Ресей Федерациясының шетелде тіркелген сауда компаниясы (және әлемдік корпорациялардың мүдделеріне қызмет ететін) және оның директоры Дмитрий Медведев деген ақпараттың бар-жоғын анықтау.

Нәтижелері келесідей:

ҚР Бас прокуратурасы АҚШ тауар штрих-кодын пайдалана ма?

Өздеріңіз түсінгендей, Dun & Bradstreet жаһандық каталогында D-U-N-S нөмірі арқылы Ресей Федерациясы туралы заңды тұлға ретінде ешқандай ақпарат табылмады («фирма» сөзіне қатысты қызық оқиға туралы мына жерде).

Реестрде ҚР Бас прокуратурасы да жоқ. Ол жердегі басқа мемлекеттік мекемелердің де D-U-N-S нөмірі жоқ екенін нақты айта аламыз. Негізі халықаралық нарықта экономикалық актор саналатын квазимемлекеттік компаниялар сияқты кез келген мекеме өзінің (және контрагенттерінің) ыңғайлылығы үшін осы нөмірді ала алады.

UPIK платформасына келетін болсақ (айтпақшы, олардың сайтының басты бетінде бұл тек VOLKSWAGEN AG және оның еншілес компанияларына немесе VW Group-қа қосылғысы келетін жаңа серіктестеріне арналған сайт деп жазылған), ол жерге әзіл немесе басқа да мақсат үшін ойдан шығарылған заңды тұлға тіркеп қоюға болады. Бұл – жүйелік кемшілік (мүмкін қазір жойылған).

Қорытынды

  • Шамасы, UPIK платформасын жасаушылар біреу DUNS-ке Ресей Федерациясы мен Ресейдің бірқатар мемлекеттік органдарын Ұлыбританиядан шыққан сауда фирмалары ретінде тіркеп қояды деп ойламаса керек. DUNS реестрінде ҚР Бас прокуратурасы да, Қазақстан мен Ресейдің басқа да мемлекеттік органдары жоқ.
  • UPIK платформасы VOLKSWAGEN AG компаниясының қазіргі және болашақ жеткізушілеріне ғана тіркеу ұсынады.
  • Тауарды штрих-код арқылы тексеретін қосымша өнім туралы нақты ақпарат ұсынбайды. EAN13 бар-кодының префиксі өнімнің белгілі бір елде шыққанын білдірмейді; ол әлемнің кез келген жерінде өндірілуі мүмкін.
  • Штрих-кодтарды саудада ғана емес, есепке алу қажеттілігі бар көп салада қолдануға болады. Бұл ретте ұйымдар штрих-кодтарды өздері жасай алады. Тек ол үшін мобильді қосымша немесе интернеттегі қызмет емес, тиісті арнайы бағдарлама керек.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz