Қазақстанның туристік әлеуетін талдау – 245 млн теңге

Жақында Factcheck.kz редакциясы мемлекеттік сатып алу порталынан ҚР Туризм және спорт министрлігі Қазақстанның туристік әлеуетін талдауға қатысты байқау жариялағанын байқадық. Осы арқылы еліміздегі туристік әлеуетіне назар аударып, оған қатысты іс-шаралар ұйымдастырғысы келеді.

Жалпы аталған талдау жұмыстары қанша тұратынын, қайдай қызмет атқарып, нәтижесі қандай болуы мүмкін екенін айтамыз.

Тендер туралы

2025 жылдың 7 ақпанында мемлекеттік сатып алу порталында бір дереккөзден сатып алуға ҚР-ның туристік әлеуетіне талдау жүргізу қызметіне тендер жариялады. Келісім-шарт бойынша талдау нәтижесі электрондық үлгілік нысанында дайындалу көзделген. Бастапқыда ҚР Туризм және спорт министрлігі аталған талдауды жүргізуге “Kazakh Tourism” Ұлттық компаниясы” АҚ-мен келісім шартқа отырып, қызметтің жалпы соммасы 321 142 000 теңге (ҚҚС қосқанда-авт.) жұмсамақ болған. Келісім-шарттың орындалу уақыты 2025 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады.

Дегенмен 2025 жылдың 16 сәуірінде мемлекеттік сатып алу порталында аталған тендерге қосымша келісім жасалып, жалпы сома 245 689 056.25 теңге деп қайта белгіленген. Келісім-шарт сомасы не себептен азайғаны белгісіз.

Шарттың техникалық сипаттамасына сәйкес, “Kazakh Tourism” Ұлттық компаниясы” АҚ-ы төмендегідей бірнеше талдамалық жұмыстарды атқаруы керек:

1. Өңірлік туристік әлеуетті талдау:

  • Туризмнің дамытудың негізгі аймақтарын, инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалардың негізіде әрбір өңірдің туристік әлеуеті бойынша талдамалық материалдар;
  • Облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент сияқты республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктерімен туристің жүру жолындағы проблемалық мәселелрді анықтап, оларды шешу үшін ұсыныстар дайындау;
  • Инженерлік-коммуникациялық және көліктік инфрақұрылымға қажеттілік бойынша деректерді мониторингілеу, жинау және талдау;
  • Қаржыландыру мәртебесін ескере отырып, жобалау-сметалық құжаттамаларды іске асыру мерзімін көрсете отырып, инфрақұрылымдық жобалар пулын қалыптастыру;
  • 20 өңірде туристік қызықтыратын ТОП-20 бағыты бойынша жол карталарын жүзеге асыруға талдау жүргізу;
  • туристік дестинацияларда санитариялық-гигиеналық тораптар құрылысының қажеттілігі мен іске асырылуын талдау;
  • Туризм инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша тиісті сұрау салу болған кезде БАҚ-қа ұсыну үшін талдамалық және презентациялық материалдар мен тезистер жасау;
  • Туристік дестинациялардағы проблемалық мәселелер бойынша әлеуметтік зерттеу жүргізу;
  • 2025 жылғы 15 сәуірге дейін «Байқоңыр» кешенінде туризмді дамыту тұжырымдамасының жобасын әзірлеу.

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туризмді дамытуды талдау

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туризмді ұйымдастыруға талдау жүргізу және инженерлік-коммуникациялық және көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз етуді талдау.

3. Туристік саладағы инвестициялық әлеуетті талдау:

3.1. Ел аумағында инвестициялық жобаларды іске асыру барысындағы деректерді мониториг жасап, талдау. Негізгі капиталға инвестициялар бойынша жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу:

  • Өңірлерде аяқталған және іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар туралы ақпарат жинау және өңдеу;
  • Инвестициялық жобалардың тізімін атауы, іске асыру мерзімдері, өңірі, бастамашысы, жұмыс орындарының сомасы, саны, нөмірлері, төсек-орындары және пысықтау мәртебесі көрсетіле отырып қарастыру;
  • Ресми көздерден ақпаратты, сондай-ақ басқа да қолда бар ақпаратты жинау және өңдеу жолымен алынған статистикалық деректер негізінде негізгі капиталға инвестициялар көрсеткіштері бойынша деректерді мониторингілеу, жинау және талдау.

3.2. Ел аумағында туризмді дамытудың басты аймақтарындағы инвестициялық жобаларды талдау және инвестиция тартуға жәрдемдесу:

  • Ел аумағындағы басым өңірлердің инвестициялық жобаларын талдау;
  • Инвесторлар арасында инвестициялық ұсыныстарды ілгерлету;
  • Отандық және шет елдік инвесторлармен кемінде 10 презентация және келіссөздер жүргізу;
  • Жобаларды іске асыру процестерін сараптамалық-консультациялық көмек көрсету.

4.   Жүйелік шараларды жүзеге асыру және жетілдіру, сондай-ақ жүйелік құжаттарды іске асыру бойынша талдамалық жұмыс:

  • Туристік саланы дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын талдау және іске асыру мониторингі;
  • Туристік саланы мемлекеттік қолдаудың салалық шараларын тетіктерін түсіндіру үшін жұмыс жүргізу;
  • Мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • Туристік саланы дамыту мәселелері бойынша статистикалық деректерді жинау, ұсыныстар әзірлеу;
  • Кәсіпкерлерді ынталандыру мәселесін шешу үшін мемлекеттік қаржыландыру мониторингі;
  • «Такс фри» тетігін іске асыруды талдау және мониторингтеу, сондай-ақ жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
  • визалық-көші-қон режимі саласындағы халықаралық тәжірибені талдау және мониторингілеу, ұсыныстар әзірлеу;
  • Жаңа бастамалар бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • Шараларды іске асыру және жетілдіру мәселесі бойынша талдамалық және презентациядық материалдарды, тезистерді БАҚ-қа ақпарат дайындау.

5. Мастер-жоспарды әзірлеу бойынша қызметтер (Щучинск-Бурабай курорттық аймағы):

Щучинск-Бурабай курорттық аймағында мәдени және экологиялық тұтастығын сақтауға негізделген туризмді дамытудың шеберлік жоспарын әзірлеу:

  • Курорттық айммақтың туристік әлеуетін талдау;
  • Туризмді дамыту стратегиясын әзірлеу;
  • Туристік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған нақты жобалар мен іс-шараларды әзірлеу;
  • Жобалардың экономикалық тиімділігін бағалау;
  • Қаржыландыру көздерін анықтау;
  • Мастер-жоспарды іске асыру жоспары.

Нәтижесі

Тапсырып берушіге орындаушы әр тоқсандық есептерді (І тоқсан – 15 сәуірге дейін, ІІ тоқсан – 15 шілдеге дейін, ІІІ тоқсан – 15 қазанға дейін және IV тоқсан – 18 желтоқсанға дейін) және қорытынды есепті 2025 жылдың 18 желтоқсанында өткізу керек. Әрі есептер электронды түрде дайындалған ілеспе хатпен тапсырыс берушінің кеңсесі арқылы міндеттемелерді орындау жөніндегі құжатпен бірге ұсынуы тиіс. Тапсырыс беруші есептерді қабылдаған соң, 5 жұмыс күні ішінде көрсетілген қызмет актісін мемлекеттік сатып алу порталына ұсынуы тиіс. Егер де орындаушы қызметті ерте орындаған жағдайда, өзара келісім арқылы белгіленген тәртіппен төлем жүргізе алады.

2025 жылдың 24 сәуірінде мемлекеттік сатып алу порталында атқарылған жұмыс туралы қызмет актісін негізгі келісім-шартқа да, қосымша шартқа да тіркемеген.

Factcheck.kz бұған дейін Алматы облысы әкімдігі өңірдің туристік әлеуеті туралы жарнама ролигін түсіріп, оны британдық ВВС телеарнасынан көрсету үшін 82 млн теңге, Алматы әкімдігі шетелдік инфлюенсерлерге арналған пресс-турға 47 млн және 90 млн теңге, Қазақстанның шетелдегі туристік имиджіне, ішкі туризмге кеткен қаражат туралы жазғанбыз. Уақыт тауып, оларды да бір шолып шығыңыз.

Журналист-фактчекер, әлеуметтік ғылымдар магистрі. Factcheck.kz сайтының авторы. Poynter Institute ұйымының онлайн-курсынан өткен.

Factcheck.kz