Ататүріктің Алматыдағы ескерткішіне 114 млн теңге жұмсалған

26 қаңтарда Алматы қаласында Түркия Республикасының 100 жылдығына орай ұйымдастырылған шарада Мұстафа Кемал Ататүрікке арналған ескерткіштің ашылуы болды. Ескерткішке Алматы қаласының мәдениет басқармасының тапсырысы бойынша орындалған. Бұл жолы Factcheck.kz редакциясы ескерткішке қанша қаржы жұмсағанын зерттеп көрді.

Тендер туралы

2023 жылдың 25 желтоқсанында мемлекеттік сатып алу порталында бір дереккөзден сатып алуға Мұстафа Кемал Ататүрік ескерткішін дайындау және орнату қызметіне тендер жариялады. Келісім-шарт бойынша ескерткіш Алматы қаласы, Медеу ауданында орналасқан Ататүрік скверінде орнату көзделген. Қалалық мәдениет басқармасы ескерткішті орнатуға 114 060 800 теңге жұмсаған. Алматы қаласының Мәдениет басқармасы тендердің жеңімпазы ретінде “Буркитбаев Айдос” ЖШС-ы таңдалған.

Шарттың техникалық сипаттамасына сәйкес, ҚМҚ 545 маркалы көркем құюға арналған қола, қыс мезгілінде тез балқыту үшін 10% латунь, жеңіл өтімділік үшін мыс фосфориті. Ескерткіштің жалпы биіктігі 400 см, ал ескерткіштегі тұғырдың биіктігі 100 см, ал қоладан құйылған ескерткіштің жалпы биіктігі 300 см болуы керек. Одан бөлек, ескерткіштің бет әлпетінің нақты адаммен ұқсастығы, силуэттің көлемі мен пішінінің, дененің жеке бөліктерінің, киім бөлшектерінің, жаңа құрылыс заттарының пропорционалдылығы сақталуы керек.

https://ruh.kz/storage/userfiles/photos/10006/65b3433c185a8.jpg
Мұстафа Кемал Ататүрік ескерткішінің ашылу салтанаты. Алматы. 26 қаңтар 2024 жыл.

Тендерді кім орындады?

Тендерді жеңіп алған “Буркитбаев Айдос” ЖШС-ы 2017 жылы тіркелген және алғаш рет сол жылы бір дереккөзден сатып алу арқылы Алматы қаласы Мәдениет басқармасынан “Ашаршылық құрбандары” ескерткішінің тұжырымдамалық жобалау және салу жұмысына 61 905 000 теңгелік тендер жеңіп алған, портал джерегінше жұмыс әлі аяқталмаған. Шарттың техникалық сипаттамасында шарт жасасқан соң, бір ай көлемінде тапсырыс орындалып бітуі керек деп тұрғанымен, мемлекеттік сатып алу порталы әлі күнге дейін шарт әрекетте деп тұр.

Одан бөлек 2023 жылдың маусым бастап қайта тендерге қатыса бастаған. 2023 жылдың маусым айының басында тағы да бір дереккөзден сатып алу арқылы Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімімен 91 660 325 теңгеге келісім шартқа отырған. Алайда, келісім шарт қосымша толықтырулар енгізіліп, қараша айында орындала бастаған. Жалпы тендердің қызметіне қалада Семей-Чернобыль сәулет-мүсін туындысын дайындау және орнату тапсырысы болған.

Мемлекеттік сатып алу порталының ақпаратына сай, “Буркитбаев Айдос” ЖШС-ы 2023 жылдың шілде айында Астана қаласы әкімдігінің “Бірлескен мұражайлар дирекциясы” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнынан бір дереккөзден сатып алу бойынша өрт сөндіруші Асқар Забикулин бюстің сатып алу және орнату бойынша 50 000 000 теңгенің тендерді жеңіп алып, тапсырысты қазан айында орындап біткен. Шарттың техникалық сипаттамасына сай, тұғырдың биіктігі кемінде 220 см, фигураның биіктігі кемінде 130 см, ал ескерткіштің жалпы биіктігі кемінде 350 см болуы керек. Одан бөлек, көркемдік экспрессивтілік бет ерекшелігінің нақты тұлғаға ұқсастығын, силуэттің көлемі мен формаларының, дененің жекелеген бөліктерінің, киім бөлшектерінің, жаңа құрылымның заттарының пропорционалдығын қамтиды.

https://gurk.kz/uploads/images/a4/ed/07/a48ed707d4181756a01ba84af45edbc6.jpeg
Өрт сөндіруші Асқар Забикулин бюстінің ашылу салтанаты. Астана. 19 қазан 2023 жыл.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің түлегі (2021). Әлеуметтік ғылымдар магистрі (2023). OMS (Online Media School, 2020) және OFA (Online Factcheck Academy, 2021) түлегі.

Factcheck.kz