Қазақстанда ішкі туризмді қолдауға қанша қаржы жұмсалады?

Бұған дейін Factcheck.kz редакциясы Қазақстан шетелде елдің туристің имиджін арттыру үшін қанша қаржы жұмсайтынын айтқан еді. Бірақ мемлекетте ішкі туризм де бар екенін ұмытпаған жөн. Оған да едәуір ақша бөлініп отырады. Сондықтан біз мемлекетте ішкі туризм қалай дамып жатқанын және оған қанша қаржы жұмсалатынын зерттеп көрдік.

ҚР ішкі туризмінде қандай мәселе бар?

Қазақстанда туризмді дамытуға мәдениет және спорт министрлігі жауап береді. Ведомствоның ресми есебі бойынша, 2022 жылы ішкі туристер саны бойынша рекорд жасалған — 8,6 млн адам. Шенеуніктердің сөзінше, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 1,7 млн адамға көп. Ал Ұлттық статистика бюросы 2022 жыл бойынша 6,4 млн деген дерек келтірген.

Бірінші кредиттік бюро дерегінше, 2023 жылдың бірінші тоқсанында туристердің ішкі легі 1,3 млн адам болған. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20%-ке көп. Авторлардың сөзінше, қаңтар-наурыз аралығында туристердің осынша болуы он жыл бойы байқалмаған. Бірақ статистикада бұған коронавирус пандемиясы әсер еткенін, себебі саяхаттауға шектеу қойылғанын айтады.

26 мамырда үкімет отырысында Қазақстандық шенеуніктер келтірген болжамға сәйкес, биыл ел ішінде демалуға бел буған қазақстандықтардың саны 9 миллионға жетуі мүмкін. Сондай-ақ саланың дамуына кедергі келтіріп отырған проблемалар да айтылды — автожолдар сапасының төмен болуы және курортты аймақтарға әуе рейстерінің жетіспеуі.

Бұл мемлекеттегі ішкі туризмнің жалғыз кемшілігі емес. Inbussiness.kz басылымы демалушылар да, демалыс базаларының иелері де мемлекеттік туристік аймақтарында интернеттің болмауына және мобильді байланыстың нашар болуына шағымданатынын жазады. Сондай-ақ кемшіліктер қатарында қонақүйлердегі қызмет көрсету сапасының төмен болуы, туристік қызметтердің дұрыс цифрландырылмауы, логистика және осы саладағы кәсіби кадрлардың жетіспеушілігі бар.

Мемлекет осылардың бәріне жыл сайын мемлекет бюджетінен ақша бөлетінін де айта кету керек, бірақ жағдай өзгермейді. Проблемаларды билік өкілдері де айтып отырады. Ең жарқын мысалдардың бірі 2022 жылғы қазанда болды. Депутат Ғазиз Құлахметов Kazakh Tourism ұлттық компаниясының Щучинск-Бурабай, Көлсай, Шарын, тіпті, Алматыдағы «Шымбұлақта» далада дәретханалардың болмағаны үшін сынға алды. Ұлттық компания өкілдері проблеманы мойындамай, биодәретханаларды негізгі туристік агенттіктер орнатуы керек деп хабарлады.

Kazakhstan.travel және цифрландыруға кеткен миллиондар

Депутаттар мен демалушылардың туристік қызметтердің цифрландырылмағаны туралы шағымына қарамастан, Kazakh Tourism жыл сайын Kazakhstan.travel ұлттық туристік порталын қолдауға және оны дамытуға миллиондаған теңге жұмсайды. Платформада мемлекеттегі туристік маршруттар туралы толық ақпарат жарияланады және отандық гидтер мен туроператорлардың қызметтері ұсынылады. Мәдениет министрлігі оған бөлінген қаражатты өз сайтының жарнамасына жұмсап отыр деген сөз. Сәуір айында ведомство осы сервисті дамыту үшін Kazakh Tourism компаниясымен бес келісімшарт жасаған.

Ең ірі тендерге қазынадан 39,6 млн теңге кеткен. Ол Kazakhstan.travel сайтын толтыруға, модификациялауға және қолдауға жұмсалған. Техникалық ерекшеліктерге сәйкес, Kazakh Tourism сервер ресурсын жүргізу, бағдарламаларын жаңарту және деректердің бәрін резервке көшіріп отыру арқылы сайттың кідірмей жұмыс істеуін қамтамасыз етуі керек. Сондай-ақ портал контентінің әрін қазақ, орыс, ағылшын, неміс, француз, қытай, корей, араб тілдеріне аударып, 450 мың ішкі және шетелдік қолданушының сайтқа кіруін қамтамасыз етуі керек.

Биыл Kazakh Tourism тағы 31,7 млн теңгені Kazakhstan.travel сайтының базасындағы «Туризм Онлайн» ақпараттық жүйесіне жұмсайды. Бұл ақшаға ресурстың техникалық сүйемелдеуінен бөлек, қызмет ұсынушы «Жаңалықтар» және «Жобалар» бөлімдерінде қазақ және орыс тілдерінде кемінде бес мақала жариялауға тиіс. Сондай-ақ мамандар «Туробъект паспорты» бөлімін ашып, ZOOM жүйесінде 500 қатысушыға ұжымдық аккаунт алуы керек.

Билік сервис сайтындағы «Турстат» жүйесін модификациялау мен сүйемелдеуге 27,3 млн теңге бөлді. Талаптарға сәйкес, мамандар мемлекеттің туристік саласының статистикалық деректеріне қолжетімділікті қамтамасыз етіп, «туристің сапалық портретін» жасап, жүйені туроператорлар деректер базасының жүйесіне интеграциялауы керек. Қосымша «Турстатты» Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде жарнамалап, жылына 35 мың адамның кіруін қамтамасыз етуі керек.

Тағы бір тендер — Қазақстандағы гидтер мен экскурсия жүргізетіндердің реестрін құруға 20,2 млн теңге. Деректер базасы туристік саланың 50 қызметкері туралы толық ақпаратты қамтуы керек. Сервисі жасаған соң оны Instagram, Facebook желілерінде жарнамалап, тіркелген гидтерге арнайы qr-код бар бейдж жібереді. Сол бойынша қалаған адам олардың Kazakhstan.travel сайтындағы жеке парақшасына өте алады.

Сондай-ақ мемлекет портал сайтында туристердің шағым беру модулін модификациялауға 12,9 млн теңге бөледі. Модификация бойынша, сервис қызметкерлері туристерден кемінде 500 шағым алып, оны өңдеуі керек. Сонымен қатар 50 тур объектіге шағым түсіру парағына апаратын кемінде 50 qr-код беруі керек. Әрине, әлеуметтік желілерде жарнама беру тағы бар.

Қонақүй қызметкерлеріне арналған курстар мен трненингтер

Қазақстандағы туристік салада білікті кадр жетіспейтінін де айта кету керек. Бұған да бюджеттен біршама қаражат бөлінетін көрінеді. Мысалы, ақпанда мәдениет министрлігі Kazakh Tourism компаниясымен сала қызметкерлерінің біліктіліні арттыру үшін ішкі туризм онлайн академиясын дамытуға 36,5 млн теңгеге келісімшарт жасаған.

Академиядағы оқу төрт курстан тұрады, оның әрқайсысы туризмді дамыту мен алға жылжыту бойынша 20 модульді қамтиды. Оқу орыс және қазақ тілдерінде видеосабақтар форматында өтеді. Курстарды түсіру үшін білікті спикерлер тартылады. Нәтижесінде әлеуметтік желідегі жарнама арқылы кемінде 1000 студентті тарту жоспарланып отыр.

Тағы 26,2 млн теңге қонақүй мен туристерге қызмет көрсететін басқа да бизнес субъектілеріне арнап «сапа белгісін» енгізуге жұмсау жоспарланып отыр. Ол үшін мамандар алдымен туризм объектілерін «сапа белгісіне» сай екенін анықтау үшін аралайды да, ұсынылатын қызметтер сапасын жақсарту үшін тренингтер өткізеді. Техникалық ерекшелікте кемінде 25 бизнес объектісін тартып, мемлекеттің үш өңірінде кемінде үш оқыту сессиясын өткізу туралы айтылған.

Тренингтер қонақтарға тур, тамақтану және орналастыру қызметтері бойынша ұлттық стандарттар туралы дәрістер сериясын қамтиды. Оны шақырылған спикерлер орыс және қазақ тілдерінде жүргізеді. Нәтижесінде қатысушыларға сертификат беріледі. Оны 75 дана қып шығарады.

Блогерлерге арналған турлар мен баспасөз құралдарындағы жарнама

Билік ішкі туризм имиджін медиада көрсетуге ең көп қаржы бөлген. Мәдениет министрлігі ақпанда Kazakh Tourism компаниясымен халықаралық және қазақстандық баспасөз құралдары мен медиаға арналған турлар өткізуге 163,7 млн теңгеге келісімшарт жасаған.

Тур Қазақстанның төрт өңірінде жүргізіледі. Оған кемінде жүз журналист пен блогер қатысады. Ұшу, жол ақысы, тамақтану мен жатын орнына мемлекет қаржысы жұмсалады. Әр қатысушы сапардан соң алған әсері туралы мен туристік маршрутты ұсынып жазба жариялауы керек. Маңызды пункст  — медиада жариялағанға дейін мәтін мен визуал материалдар тапсырыс берушімен келісілуі керек.

Бұдан бөлек, тағы 31,2 млн теңге қазақстандық баспасөз құралдарында ішкі туризмді жарнамалауға жұмсалады. Техникалық талаптарға сәйкес, материалдар Tengrinews.kz, Nur.kz, Inform.kz, Zakon.kz, Informburo.kz и Stan.kz сайттарында жарияланады. Мәтін сайттың негізгі бетінде жариялануы керек және әрқайсысының көлемі кемінде 1500 белгі болуы тиіс.

Осыған ұқсас жарнама мәтіндерін Instagram мен Telegram пабликтерінде жариялау да жоспарланған. Жазба көлемі тура сондай. Жарияланған ақпарат лентада кемінде бір жыл сақталуы керек екені айтылған. Өкінішке қарай, жарнама ұсынылатын нақты каналдар мен аккаунттар аталмаған, техникалық талаптар жазылмаған.

Сондай-ақ аудиоролик түріндегі жарнама материалдары радиостанцияларда жарияланады, оның ішінде Love.fm және Orda.fm бар. Жарнама ұзақтығы кемінде 30 секунд болып, таңғы 07:00-09:00 мен кешкі 18:00-20:00 аралығында шығуға тиіс.

Бұл материалда келтірілген тендерлер тікелей келісімшарт жасау арқылы жасалған. Оның неліктен нашар екенін мына жерден оқи аласыздар.

Factcheck.kz