АҚШ-та жасанды интеллект арқылы жасалған фильмдердің фестивалі өтті

2023 жылы жасанды интеллектпен айналысатын Runway компаниясы жасанды интеллект арқылы жасалған қысқаметражды фильмдердің фестивалін өткізді. Оған 3000-нан астам көрермен қатысты. Финалға жеткен 10 фильмнің премьерасы 1 мамырда Лос-Анджелестегі Орфеум театрында ұйымдастырылды. Бұл туралы IndieWire жазды.

Фестивальге режиссер Пол Трилло, Эмми сыйлығының иегері аниматор Джоэл Кувахара, YACHT суретшісі және музыкант Клэр Л. Эванс және Runway негізін қалаған Кристобал Валензуэла қатысты. Модератор фильмдегі жасанды интеллектінің әлеуеті мен мүмкіндіктері туралы сұрағанда оған қатысқандар бұл технологиялардың көмегімен үнемі жаңа идеялар ойлап таба алатынын және қымбат болып көрінуі мүмкін нәрселермен тез тәжірибе жасай алатынын айтты.

10 финалист қысқаметражды фильмнің кейбірі мүмкін емес бейнелерді, монтаждарды жасай алған. Ал енді бірі марапатқа ие болып үлгерген. Мысалы, «Мені шығарыңыз» фильмінің авторлары актердың қызыл неон құбыжықтарымен шайқасатын, ішкі жын-перілермен және агорофобиямен (ашық кеңістіктен қорқу) күресіп жатқан адамның тарихын айту үшін ойын алаңына генератив туындыларды қосқан.

Runway-дың негізін қалаған Кристобаль Валенсуэланың айтуынша, бірнеше жылдан соң жасанды интеллект жеке бір өнер туындысы атанып, адамдар оның өнімдерін бағалап отыратын болады. Әзірге мұны дәлелдейтін нақты бір құрылғы жоқ. Десе де мұндай технологияның пайда болуы киномен бәсекелеседі не оны алмастырады деген сөз емес.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz