Алматы әкімдігі бақылау камераларына 4 млрд теңге жұмсамақ

Тамызда қазақстандық баспасөз құралдары 2023 жылы Алматы әкімдігі қалада алты мыңнан астам бақылау камерасын орнатпақ екенін жазды. Бұл шешімнің қоғамдық тәртіпті сақтап, қылмыстың ашылуын арттыру үшін қабылданғаны айтылды. Factcheck.kz редакциясы мемлекеттік сатып алу порталынан жаңа камералардың қанша тұратынын және қай жерде орнатылатынын іздеп көрді.

Мыңдаған камераға миллиардтаған теңге

Бірінші қарашада Алматы қаласы цифрландыру басқармасы мемлекеттік сатып алу портаныда алты мың бейнебақылау камерасын жалға алу және орнатуға хабарландыру жариялады. Қала көшелерін бейнебақылау жүйесімен қамту үшін билік 4 273 482 053 теңге бөліпті.

Өтініш қабылдау және толықтыру 16 қарашада аяқталған. Жеңімпаз болып “Көркем Телеком” ЖШС таңдалған. Екінші орынды “АГС-ПЛАСТ” ЖШС алған. Алайда ешбір компаниямен келісімшарт жасалмаған. Портал деректеріне сәйкес, қазіргі таңда екінші орын алған компанияның тендер бойынша қорытынды хаттама шағымы қарастырылып жатыр.

Бақылау жүйесіне келсек, техникалық сипаттамаға сәйкес, жаңа камералардың негізгі міндеті — халық көп жүретін жерлердегі жағдай туралы толық және нақты ақпаратты дәл сол мезетте видеомониторингтің бірыңғай қызметіне жіберу. Оларды орнату екі кезеңде жүзеге асырылмақ: 2024 жылы билік алғашқы үш мың камераны эксплуатацияға берсе, 2025 жылы қалғанын ортанады.

Бірінші кезеңде жүздеген бейнекамера Алматының әр ауданында мынандай санмен орнатылады: Алатау — 900 дана, Бостандық — 300, Алмалы — 300, Әуезов— 300, Жетісу — 300, Медеу — 300 видеокамера, Наурызбай — 300 видеокамера және Түрксіб — 300 видеокамера. Тендер сипаттамасында бейнебақылау құрылғылары орнатылатын нақты мекенжай да бар. Толық тізімді мына жерден көруге болады.

Камералардың бәрі адам көп жиналатын жерлерде орнатылады. Сол үшін техникалық сипаттамада оларды кадрда кез келген кедергі болмайтындай орнату керек екені жазылған. Оның ішінде телеэкрандар, жарнама қалқандары, ағаштар, эскалаторлар және басқа да объектілер. Сондай-ақ бейнемониторингтің жаңа жүйесі, әсіресе, жаяу жүргіншілер жолында, азаматтардың бет-әлпетін тану қызметімен жабдықталады.

«Жаяу жүргіншілер жолындағы азаматтардың бет-әлпетін тану үшін камералар 2,5 метр биіктікте, кіріп-шығатын жерлерде 3,5 метр биіктікте орнатылады. Құрылғы тұратын кез келген ауа райына лайықталған шкафтар қабырғалар мен тірке жерлерде кемінде 3 м биіктікте орналасып, құлып жүйесімен жабдықталуы керек» деп нақтылаған хабарлама авторлары.

616 млн теңгеден 4,2 млрд теңгеге дейін

Алматы әкімдігі осынша жаңа видеокамера қоғамдық қауіпсіздік үшін керек деп түсіндірді. Бұл туралы қала басшысы Ерболат Досаев халықпен кездесуде айтты.

Кейінірек Алматы қаласы қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков алты мың камера 2023 жылдың аяғына дейін орнатылатыны жоспарланғанын айтты. Расымен, сондай хабарландыру мемлекеттік сатып алу сайтында тамыздың аяғында шыққан. Алайда сатып алу іске аспай қалған. Ол жерде де сома қарашадағы хабарландырумен тең болыпты — 4 273 482 053 теңге.

Тамызда Сухамбеков қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге 2,4 млрд теңге қарастырылғанын, ал халық көп жиналатын жерлердегі, алаңдардағы, подъездердегі, көлік тұрағындағы, спорт және балалар алаңындағы бейнекамералар жүйесіне алты мың камера алуға қосымша 616 млн теңге бөлінетінін айтты. Яғни, о баста билік камераға кемінде бұдан 3,6 млрд теңге аз қаражат жұмсауды жоспарлаған. Бюджеттегі мұндай айрымашылық немен түсіндірілетіні белгісіз.

2022 жылғы үш мың камера

Әкімдік қаладағы видеокамералар жүйесін бірінші рет жаңартқалы отырған жоқ. 2022 жылғы қазанда Досаев жыл аяғына дейін қалада 3 050 жаңа бейнекамера орнатылатынына сөз берген.

Жаңа құрылғылар орнатылған соң әкімдік 2024 жылға дейін «Freedom Telecom» ЖШС компаниясымен 3 050 бақылау камерасына видеомониториң жасау қызметін алу туралы келісімшарт жасаған. Келісімшарт сомасы 2 152 567 250 теңге болған. Мемлекеттік сатып алу порталындағы электронды актілер дерегінде, бүгінге дейін компанияға 1 474 922 678 теңге төленген.

Техникалық талаптар бойынша, «Freedom Telecom» міндетіне тек бейнебақылау камераларын орнату ғана емес, камерадан алынған ақпаратты жинау, сақтау да кіреді. Қызмет көрсетуші қаланың Полиция департаментінің жедел орталығына камера жазбасын көрсететін қорғалған байланыс каналын қоюы керек болған.

Қаңтар оқиғасы және аңду

Камералардың жаңа жүйесін орнатуға мұқтаждық билік өкілдерінде Қаңтар оқиғасынан кейін пайда болды. Былтыр Алматыға жұмыс сапары кезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік пен тәртіпті қамту проблемасына ерекше тоқталып, қаланы басқару жүйесін цифрландыру туралы айтты.

2025 жылға дейін әкімдік қала көшелері мен қоғамдық кеңістіктерді 100% жарықтандыруы керек. Басқа маңызды мәселе – бейнебақылау жүйесін дамыту. Бүгінгі таңда Алматыда 128 мыңнан астам жекеменшік бейнебақылау камерасы бар. Олардың төрттен бірі ғана қаланың полиция департаментінің жедел басқару орталығымен біріктірілген. Әкімдікке бейнебақылаудың жекеменшік жүйелерін бірыңғай диспетчерлік пунктіге біріктіру бойынша ереже қабылдауы керек. Әрине, меншік иесінің келісімімен. Сондай-ақ бейнебақылау жоқ объектілерге 20 мыңдай камера орнату керек.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Осыдан кейін видеокамера орнатуды бастаудан бөлек, Алматы әкімдігі бейнебақылау камерасына бет-әлпетті тану қызметін енгізу туралы айтты. Ведоство таратқан құжатқа сәйкес, 2025 жылға дейін қалада жеті мыңға жуық бейнебақылау камерасы орнатылады.

«Тіркеуде тұрған немесе жоғалып кеткен адамдарды іздеу кезінде жылдам әрекет ету үшін, әуежайдағы, вокзалдағы, адам көп жиналатын жерлердегі қауіпсіздікті қамту үшін 2026 жылдан бастап бейнебақылау жүйелерінің бәріне видеоаналитика және бет-әлпетті тану қызметі енгізіледі» деп жазылған құжатта.

Сондай-ақ мәтінде 2027 жылға дейін Алматы билігі бейнебақылау жүйесін террористік жағдайға осал объектілер мен көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің алаңына камера орнату жүйесін кеңейтуді жоспарлап отырғаны жазылған. Құқық қорғаушылар билік бет-әлпетті тану жүйесін Қытай сияқты авторитар мемлекеттер секілді билікке қарсы наразылық акцияларына қатысушыларға қарсы қолдануы мүмкін деп есептейді.

Родился в городе Алматы. Окончил факультет журналистики в КазНУ им. Аль-Фараби. С 2017 года работал корреспондентом в нескольких казахстанских изданиях.

Factcheck.kz