V бөлім. Қазақстандағы хомофобия: сыни дискурс анализ және әлеуметтік себептерін іздеу

Мөлдір Өтегенова мен Думан Терликбаевтың «Қазақстандағы хомофобия: сыни дискурс анализ және әлеуметтік себептерін іздеу» атты зерттеу-материалының бөлімдер сериясын жалғастырамыз. Бүгін ұсынатын V бөлімде қоғамның ЛГБТК+ қауымдастыққа көзқарасына экономикалық жағдайдың әсері талданады.

Бұл зерттеу тәуелсіз авторлардан құралған MediaNet ХЖО сарапшылар тобы медиада 2021 жылы жарияланған материалдар мен желідегі посттарды саралап, оларды талдау аясында жүргізілді.

Зерттеудің I бөлімі, II бөлімі, III бөлімі мен IV бөлімін сайтымыздан оқи аласыз.

Елдің экономикалық жағдайы да хомофобия деңгейіне әсер етеді. Хомофобия деңгейінің 1%-ке төмендеуі жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімнің 10%-ке артуымен байланысы бары екені анықталған.

Азаматтар мен азаматшалар гендерлік теңсіздік пен адам құқықтарының сақталмауынан зардап шегіп, денсаулыққа байланысты аз шығындалып, өмірге қанағаттанушылық деңгейі төмен болса, сол елде хомофобия климаты жоғары. Оның үстіне, елде хомофобияның 10%-ке артуы ерлердің өмір сүру ұзақтығының 1,7 жылға қысқаруымен байланысы бар [27].

Кейбіреулер жыныстық қатынас пен ориентация тек ауқатты топтар үшін маңызды тақырып деп санайды. Сондықтан бұл туралы сөйлесу табу болып, қарапайым халық тек нақты мәселелерді көтеруге тырысады, бірақ ол тақырыптардың қатарына жыныстық қатынас не ориентация кірмейді [28].

Сонымен қатар, ел экономикасы инклюзив болған сайын ЖІӨ өсетіні дәлелденген. Жан басына шаққандағы ЖІӨ ЛГБТК+ өкілдерін заңды түрде қорғайтын және құқықтары сақталған елдерде жоғары [29].

Дамыған экономика мен азшылық топтардың құқықтарының сақталуы арасындағы себеп-салдарлық байланыс туралы нақты қорытынды жасай алмаймыз, яғни құқықтардың сақталуы экономикалық дамудың жоғары деңгейіне әкеле ме, әлде экономикасы дамыған елдер көбірек құқықты сақтауға бейім бе? Бізге тек мұндай елдерде экономиканың дамуы мен құқық қорғау қатар жүретіні белгілі.

  1. https://academic.oup.com/eurpub/article/28/5/967/4919666?login=false
  2. Vance, Carol (1984) ‘Pleasure and Danger: Towards a Politics of Sexuality’ in Vance, Carol (ed.) Pleasure and Danger, Routledge: Boston
  3. https://reader.elsevier.com/reader/sd/pii/S0305750X19300695?token=EED1415C7FE2501BF1BCFC9E782411B0637E9EF89D640C34EFDDA7F2FDC62121F2DB28F80C8A8A71A4946D6559C9CC80&originRegion=eu-west-1&originCreation=20220509111113

Бұл материал Сорос Қазақстан Қорының қолдауымен MediaNet Халықаралық журналистика орталығы жүзеге асырған «ЛГБТК+ және гендерлік теңдік мәселелеріне қатысты тақырыптарды қабылдау және жариялауға мониторинг» жобасы аясында дайындалды.