Роскомнадзор медиадан Навальныйдың зерттеуі жайлы материалдарды өшіруді талап етті

Роскомнадзор ресейлік тәуелсіз медиадан Навальныйдың “Жемқорлықпен күрес” қорының (ФБК) зерттеуіне негізделген 77 материалды өшіруді талап етті. Бұл туралы Deutsche Welle сайты хабарлады.

Мұндай хат оннан астам медиаға, соның ішінде: “Новая газета”, “Медуза”, “The Village”,  “Бумага” редакциясына, “Дождь” телеарнасына, “Эхо Москвы” радиостанциясына және “Znak” ақпараттық агенттігіне жіберілген.

Роскомнадзор медиаға қойған талабының негізіне ресейлік Бас прокуратураның 28 қаңтардағы хатын келтіреді. Онда бұл мақалалар «тыйым салынған экстремист ұйымның материалдарын таратады» делінген.

Бұған дейін Ресей билігі Алексей Навальный және оның жақтастары Любовь Соболь, Георгий Албуров, Руслан Шаввединов және Вячеслав Гимадиді “террористер мен экстремистер” реестріне енгізген.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz