Google дәрігерлердің жазуын түсінуді үйренді

Көптеген дәрігер дәрі-дәрмек рецебін асығыс жазатындықтан науқастарға олардың жазуын түсіну қиын. Осы мәселені шешу үшін Google жасанды интеллект көмегімен медицина қызметкерлерінің жазуын түсінуді, оқуды үйренді. Бұл туралы компания Үндістанда өткен жыл сайынғы конференциясында мәлімдеді деп хабарлады TechCrunch.

Компания түсінуге қиын мәтінді оқи алатын функцияны ойлап тапты. Оған дәрігер рецебінің суретін түсіріп немесе галереяда бар фотоны жүктеу керек. Кейін қолданба суретті өңдеп, ондағы жазуды, дәрі-дәрмек атауын анықтап береді.

Алайда қолданба әлі сынақ мерзімінде, сол себепті көпшілікке пайдалануға берілмеді.

Контекст

Интернетте Google Translator веб-сайтының Украина президенті есімін қызық аударған видеосы тарады. Онда буынға бөлінген «Зеленский Владимир» сөзі украин тілінен ағылшыншаға «зұлымдық әлемді билейді» деп аударылады. Фактчекерлер ақпаратты тексерді.

Factcheck.kz