Илон Маск Google-ды сатып алды ма?

2023 жылғы қаңтардың басында Snopes басылымынан оқырмандары Twitter басшысы Илон Масктың Google-ды сатып алғаны туралы ақпаратты тексеруін сұраған.

Масктың Google-ды сатып алғаны жөніндегі қауесет 8 қаңтарда Elon Musk Zone YouTube арнасы авторлары Илон Маск: “Google-ді ресми түрде сатып алдым деген видеоны жариялағанда пайда болды.

Бейне Tesla миллиардері Илон Маск Google-ды ресми түрде сатып алып, көпшілікті таңғалдырдыдеп басталады.

Алайда HITC.com. басылымы видео мұқабасындағы Google-дың бас директоры Сундар Пичай мен Илон Масктың фотосы фейк екенін анықтады.

YouTube-қа жарияланған видео сипаттамасында “сатира” немесе “пародия”деп жазылмаған. Алайда онда: “Біздің арнаның Илон Маскпен ешқандай байланысы жоқ және тек фактілерге, қауесеттерге, фантастикаға негізделіп, ойын-сауық мақсатында жасалған. Бұл бейнеде қаржы немесе медицина кеңестері жоқ”,-делінген.

Нәтижесінде, фактчекерлер ірі сатып алуға қатысты ешқандай дәлел таппай, Elon Musk Zone арнасындағы видео шындыққа жанаспайды деген қорытындыға келді.

Контекст

Желіде миллиардер Илон Маск бейнеленген жасанды интеллектің пародия видеосы кеңінен тарады. Фактчекерлер бейнені тексеріп көрді.

Factcheck.kz