OpenAI, Google, Microsoft және Anthropic ЖИ қауіпсіздігін арттыру үшін бірікті

Төрт ірі компания — OpenAI, Google, Microsoft және Anthropic жасанды интеллект негізіндегі әзірлемелердің қауіпсіздігін арттыру үшін “ЖИ-дің шекара модельдері” (Frontier Model Forum) деген жаңа ұйым құрғалы жатыр. Бұл туралы TechCrunch хабарлады.

OpenAI компаниясындағылар “ЖИ-дің шекара моделі” деп қоғамға қауіп төндіруі мүмкін жасанды интеллектінің және машиналық оқытудың озық үлгілерін атайды.

Бұл ұйым OpenAI, Microsoft, Google және Anthropic компанияларына бағалау көрсеткіштерін және үздік стандарттарды әзірлеу үшін ортақ тәжірибе қолдануға мүмкіндік береді.

Коалицияның мақсаты – жасанды интеллектінің алдыңғы қатарлы модельдерінің қауіпсіздігін зерттеу, оның қаупін азайту. Ұйым мүшелері саясаткерлермен, ғалымдармен, азаматтық қоғам және компаниялармен ынтымақ құратынын айтып отыр.

Ұйым өкілдерінің сөзінше, кез келген адам коалицияның мүшесі бола алады.

Factcheck.kz