Желіде Илон Масктың дипфейкі пайда болды

Желіде миллиардер Илон Маск бейнеленген жасанды интеллектің пародия видеосы кеңінен тарады. Reuters агенттігі бейнені тексеріп көрді.

Видеоны бірнеше жерден көруге болады (мұнда және мұнда).

Желіде Илон Масктың дипфейкі пайда болды
Видео скриншоты

Онда Маск: “Мен жаңа ғана 150 миллиграмм іштім, қатты маспын. Шыны керек, жоғары қабатта жүргендей сезімдемін. Мен 30 жаңа ғарыш көлігін жобалап, бізді Марсқа жеткіземін”,-дейді.

Видеоны мұқият қарасақ, онда ақау бар екенін және кей жерде дауыс пен бейненің сәйкес келмейтінін байқауға болады. Сонымен қатар онда @plattepus деген жазу бар. Бұл — 2022 жылғы 25 желтоқсанда видеоның түпнұсқасын Tiktok желісіне жүктеген қолданушының парақшасы.

Аккаунт сипатаммасында жасанды интеллект жігіт туралы жазылған. Автор онда жасанды интеллект жасаған әртүрлі контентті жариялайды.

Пайдаланушының YouTube арнасында да осыған ұқсас бейнелер бар. Оған қоса ол Джо Роган мен Масктың әңгімесін пародиялайтын подкасының біріндегі сипаттамасында: “Жасанды интеллектің басқа да пародияларына жазылыңыз”,-делінген. Дегенмен @plattepus парақшасының авторы Reuters агенттігіне түсініктеме беруден бас тартты.

Осылайша, агенттік Илон Маскқа қатысты видео сатира ретінде жасалған деген қорытындыға келді.

Контекст

2020 жылы кәсіпкер, миллиардер Илон Масктың жыл соңына дейін адамдарды чиптегісі келетіні туралы ақпарат тарады. Фактчекерлер ақпараттың рас-өтірігін тексерді.

Factcheck.kz