Басқаның атынан ашылған Twitter парақшалары бұғатталады

Жақында Twitter-ді сатып алған кәсіпкер Илон Маск әлеуметтік желінің кейбір қолданушысына қатысты жаңа қатаң шаралар енгізетінін мәлімдеді. The Verge басылымының хабарлауынша, енді Twitter-де “пародия” деген белгіні көрсетпей, басқа адамның атынан парақша ашып, пайдаланғандардың аккаунттары бұғатталады. Бұл туралы Маск өзінің парақшасында жазған.

Тоқтатуға дейін ескерту жасағанбыз, бірақ қазір біз жаппай тексеру жүргізіп жатқан кезде ешқандай ескертулер болмайды.

Илон Масктың Twitter-дегі жазбасы.

Басылымның хабарлауынша, осыдан бірнеше күн бұрын Маск парақшасында “енді Twitter-де комедия заңды” деп жазған еді. Алайда ол жиі өзгеріске ұшырайтын ережелер аясында ғана заңды секілді.

Бүгінде жаңа ереженің күшіне еніп-енбегені әлі белгісіз. Алайда әлеуметтік желі қолданушыларына профилін түзеу ескертілді.

Контекст

Жақында әлеуметтік желіде The New York Times мақаласының «скриншоты» тарады. Оның тақырыбында миллиардер Илон Маск АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың аккаунтынан басқа бұғатталған барлық Twitter парақшаларын қалпына келтіруді жоспарлағаны жазылған. Фактчекерлер ақпараттың қаншалық рас екенін тексеріп көрді.

Factcheck.kz