Қазақстанда ДДСҰ сайты бұғаттан шығарылды

Internet Freedom Kazakhstan Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сайты елде бұғаттан шығарылғанын хабарлады. Ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өз сайтында растады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ҚР мүдделі мемлекеттік органдарымен (ҚР СІМ, ҚР АҚДМ) бірлесіп, Қазақстан Республикасының аумағында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми сайтына қолжетімділікті қалпына келтіру мәселесін пысықтады.

Денсаулық сақтау министрлінің хабарламасы

Сонымен қатар министрлік сайтты бұғаттан шығару себебін атады.

Қазақстандық тараптың ұсынысы бойынша ДДҰ ресми веб-сайтында (www.who.int) суицид туралы ақпараттық бюллетень өзгертілді.

Денсаулық сақтау министрлінің хабарламасы

Шынында да, бюллетеннің жаңа нұсқасында тұжырымдамалар сәл өзгертілген және LIVE LIFE стратегиясы арқылы суицидтің алдын алу бойынша практикалық нұсқаулыққа сілтеме берілген:

Қазақстанда ДДСҰ сайты бұғаттан шығарылды
ДДСҰ сайтының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі скриншоты (Дереккөз: Internet Freedom)
Қазақстанда ДДСҰ сайты бұғаттан шығарылды
ДДСҰ сайтының 2023 жылғы 19 қаңтардағы скриншоты (Дереккөз: Internet Freedom )

Контекст

23 қарашада интернет пен веб-контенттің бұғатталуын қадағалайтын Internet Freedom Kazakhstan ДДСҰ сайтының Қазақстан аумағында бұғатталғанын хабарлады. Оған Алматы облысы Талғар ауданы прокурорының талабы себеп болған. Оның айтуынша, бірнеше сайтта, оның ішінде ДДСҰ сайтында суицид туралы ақпарат бюллетенінде суицидтің әдістері мен ұсыныстары туралы мәліметтер бар. Прокурор “мемлекет мүддесі үшін” шетел медиасы мен интернет–ресурстарда орналастырылған өнімді “заңсыз” деп тануды және оның ел аумағында тарауын тоқтата тұруды талап еткен. Талғар қаласының соты аталған интернет-ресурстарда “адамның өмірін қию жолы туралы ақпарат, сонымен бірге суицидтік көңіл-күйді насихаттайтын” ақпарат бар екенін растап, бір Telegram-ботты, ДДСҰ сайтын қоса алғанда жалпы төрт веб-бетті дереу бұғаттау туралы шешім қабылдады. Шешім 2022 жылғы 14 қазаннан бастап, 2023 жылғы 19 қаңтарға дейін күшінде болды.

Factcheck.kz