Фактчек | Илон Маск та адамдарды чиптегісі келе ме?

Біз бұған дейін COVID-19-ға қарсы болашақ вакцина арқылы әлдебіреулер адамдарды чиптеп, содан кейін оларды 5G технологиясының көмегімен басқарып отырғысы келеді деген пікірді егжей-тегжейлі талдаған едік. Әдетте оған Билл Гейтсті кінәлайды. Ал енді Илон Маск та өзінің жаңалықтарына қатысты отқа май құйып, Neuralink жобасы аясында бір жылға жетпейтін уақытта адамға «ми мәселелерінің барлығын түзей алатын» имплант енгізуі мүмкін екенін мәлімдеді. Сондай-ақ ол жасанды интеллекті бар адам болашақта симбиоздан құтыла алмайтынын айтты. Бұл мәлімдеме расымен халықты алаңдатып отыр, тіпті бізге Маск шынымен адамдарды чиптеуге (киберпанк дәуірінің жақындауына байланысты) қатысты сұрқия жоспар құрып жатыр ма, және ол БАҚ айтқандай «жылдың соңына дейін» жүзеге аса ма деген сұрақтар келіп, тексеруімізді сұрады.

Фактчек | Илон Маск та адамдарды чиптегісі келе ме?
Daniel Oberhaus / CC BY-SA

Пікір: Илон Маск жылдың соңына дейін адамдарды чиптегісі келеді

Үкім: Жалған және манипуляция (және кликбейт)

Масктың өзі мамырдың басында жоспарлары туралы жүргізуші Джо Роганмен бөлісті. Шынында әңгіме диаметрі шамамен 2,54 см болатын, Neuralink құрылғысымен байланысқан, иілгіш жіп тәрізді электрод-импланттарды адам миына енгізу операциясы туралы болып отыр. Операцияны робот жасайды. Бірақ құрылғының медициналық және сәйкестендіру немесе таңбалау мақсатында адамдарды чиптеуге мүлдем қатысы жоқ.

Жаңалық авторының жоспары бойынша тестілеу бір жылға жетпей жүргізілуі керек. Осыған  ұқсас жалпылама операциялар туралы мүлдем әңгіме болған жоқ.

Құрылғыны орнату үшін адамға трепанация жасалады, яғни бас сүйекке диаметрі соған сай келетін тесік жасап, құрылғыны орнатады, сыртынан тігеді. Масктың айтуынша, электродтар нейрон сигналдарының құпиясын ашады, күшейтеді және жібере алатындықтан, осы технология арқылы адам мидың зақымдануынан жоғалтқан барлық функционалдық мүмкіндігін қайтара алады. Мысалы, егер көз тамырлары зақымданған болса – көру қабілетін қайтарады. Илан Маск құрылғы мидың зақымдануынан болған барлық мәселені шешеді деп мәлімдеді.

Жоба 2016 жылдан бар, былтыр тұсаукесері болды, онда құрылғының әрекет ету принципі толық айтылған.

Оған қоса, Biorxiv.org танымал ғылыми препринттер сайтында Маск құрылғының жасалуына қатысты материал жариялады («Нейроинтерфейстің мыңдаған арнамен интеграцияланған платформасы»). Осыған ұқсас құрылғы зертханалық тышқандарға сынақтан өткізілген.

Фактчек | Илон Маск та адамдарды чиптегісі келе ме?

Бұл – жіпті миға енгізу көрінісі

Фактчек | Илон Маск та адамдарды чиптегісі келе ме?

Басқа тіркейтін сенсорлық құрылғының прототипі. А. ASIC нейрондық сигналдарды өңдейтін,  256 деректер арнасын өңдеуге қабілетті процессор. Құрылғыға жалпы 3072 арнасы бар 12 чип қойылған. В. полимерлік жіптер. С. Титан корпус (қақпағы алынған). D. Қуаттауға және мәліметтерді сақтауға арналған USB-C сандық жалғағыш (разъем).

Фактчек | Илон Маск та адамдарды чиптегісі келе ме?
А. Имплантталған жіп пен қан аз аққан кездегі мидың жоғарғы қабаты осындай. В. Егеуқұйрыққа имплантталған сенсорлық құрылғы («В жүйесі»).

Айтпақшы, нейроинтерфейс жасау (ол дегеніңіз – ми мен сыртқы құрылғы арасында ақпарат пен сигнал алмасу) саласында Масктың бәсекелесі бар… және ол біреу емес.

Қорытынды

Илон Маск та, Билл Гейтс тәрізді адамдарды бақылап, аңду мақсатында чиптеуді жоспарлап отырған жоқ. Оның жоспары нейроинтерфейс технологиясын дамыту мен содан кейінгі жасанды интеллекті бар адам миын симбиоздауға қатысты (бұл туралы ол ашық айтты, сұхбатын жоғарыдағы сілтемеден көріңіз).

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz