Ресейде Google-ға шамамен 400 млн доллар айыппұл салынды

Мәскеудегі Таганск ауданының Дүниежүзілік соты Google компаниясын “Ресейде тыйым салынған ақпараты бар материалдарға қол жеткізуді шектеуді бірнеше рет бұзғаны үшін” кінәлі деп танылды. Бұл туралы BBC сайты хабарлады.

Сот шешімен Google компаниясына 22 миллиард рубль (шамамен 400 миллион доллар) айыппұл салынды. Бұл дәл осындай жағдаймен салынған екінші айыппұл. Алайда былтыр салынған айыппұл сомасы үш есе аз болған.

Google LLC әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 21 миллиард 770 миллион 392 мың 317 рубль көлемінде айыппұл салынсын.

Судьяның шешімінен үзінді.

Соттың хабарлауынша, айыппұл сомасы компанияның Ресейдегі жылдық табысының 10%-ін құрайды.

BBC сайтының жазуынша, Google компаниясының ресми өкілі сот отырысында негізсіз және дәлелденбеген айыптауларға байланысты іс жүргізуді тоқтатуды талап еткен.

Роскомнадзор Google компаниясына YouTube видеохостиңінен Ресей әскерінің “беделін түсіретін” Украинаға қарсы шабуыл туралы “жалған ақпаратты” алып тастауды талап етіп, 17 хабарлама жіберген. Алайда видеолар өшірілмеген.

Контекст

  • Былтыр 24 желтоқсанда Мәскеудегі Дүниежүзілік сот Google-ды тыйым салынған ақпаратты жоюдан бас тартқаны үшін кінәлі деп танып, алғаш рет 7,2 миллиард рубльден астам айналым айыппұлын тағайындаған.
  • Ресей Украинаға басып кіргелі Ресейде азаматтық қоғам мен тәуелсіз медиаға қысым көбейді. 24 ақпаннан бері «Роскомнадзор» 181 медианы бұғаттаған, бұдан бөлек 21 редакция жұмысын толық немесе уақытша тоқтатқан. Ал 11 медиа Ресей-Украина соғысы туралы жазуды тоқтатқан.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz