Google Зеленскийдің есімін «әлемді зұлымдық билейді» деп аудара ма?

Интернетте Google Translator веб-сайтының Украина президенті есімін қызық аударған видеосы тарады. Онда буынға бөлінген “Зеленский Владимир” сөзі украин тілінен ағылшыншаға “зұлымдық әлемді билейді” деп аударылады. Алайда Reuters фактчекерлері мұның фейк екенін анықтады.

Фейк видеоны бірнеше жерден көруге болады. (мұнда және мұнда). Онда «zele nsky volod myr» тіркесінің «evil rules the world» деп тәржімаланғаны көрсетіледі.

https://twitter.com/ronin19217435/status/1578030086439440384

Фактчекерлер ақпаратты растайтын ешқандай дәлел таппады. Олар Google Translate арқылы президент есімін украин тілінен ағылшын тіліне аударғанда да видеодағыдай тіркес шықпады (bit.ly/3MsSquB), (bit.ly/3Cuzkzz). Соған қарағанда желіде тараған видео өңделген секілді.

Factcheck.kz