Google іздеу жүйесіне ЖИ арқылы сурет салатын функция енгізді

Google іздеу жүйесіне жасанды интеллект арқылы сурет жасайтын фукнция енгізді. Бұл туралы “Код Дурова” арнасы компанияның блогына сілтеме жасап хабарлады.

Адамдар Search Generative Experience-ті (SGE) Google Labs арқылы қолдана алады. Пайдаланушылар іздеу жолағына сұрауын енгізеді, ал жасанды интеллект адамның жазып бергеніне сәйкес келетін суретті жасап береді.

Бұл мүмкіндік Google Images қолданбасында да бар. Барлық жасалған суреттің авторлық құқығын қорғау үшін метадеректер мен арнайы белгілері болады.

Factcheck.kz