“Coronavirus” латын тілінде “жүрек ұстамасы вирусы” деген мағына бере ме?

Facebook-те Coronavirus сөзінің буынға бөлінген түрі латын тілінде “жүрек ұстамасының вирусы” деп аударылатыны туралы видео тарады. FullFact фактчекерлері ақпаратты тексеріп көрді.

Алғаш бұл видео Tiktok желісіне жүктелген. Онда көрермендерге Google translate жүйесіне өтіп, “Cor (бір бос орын) ona (екі бос орын) virus” деп бөлшектеп жазып, латын тілінен ағылшыншаға аударуды ұсынған.

Бір қызығы, фактчекерлер видеодағы нұсқаулықты қайталағанда, шынымен-ақ “жүрек ұстамасы вирусы” деген аударма шыққан. Factchek.kz фактчекерлері дәл осы әдіспен сөзді латын тілінен орысшаға аударғанда да “жүрек ұстамасы вирусы” деп тәржімаланған.

"Coronavirus" латын тілінде "жүрек ұстамасы вирусы" деген мағына бере ме?
Алайда фактчекерлер сөзді буындардың арасында тек бір бос орыннан қалдыру арқылы жазғанда, сөз өзгеріссіз сол күйінде қалды.
"Coronavirus" латын тілінде "жүрек ұстамасы вирусы" деген мағына бере ме?

Ал керісінше, ағылшын тіліндегі “жүрек ұстамасының вирусы” сөзін латыншаға аударғанда жүйе “cor impetum virus” нұсқасын көрсетті.

Google Translate-тің не себепті буын арасында бос орынның санына байланысты әртүрлі аударатыны белгісіз.

Коронавирус (вирустар тобы) бетіндегі тікенектерге байланысты осындай атау алған. Бұл атау Covid-19 тудыратын вирус табылғанға дейін берілген.

Factcheck.kz сайтынан: Осылайша Google Translate жүйесінің түсініксіз түрде жұмыс істейтінін техника жүзінде растадық. Оған қоса “коронавирус” сөзінің латынша аудармасы “жүрек ұстамасы вирусы” емес екенін анықтадық.

Контекст

Интернетте Google Translator веб-сайтының Украина президенті есімін қызық аударған видеосы тарады. Онда буынға бөлінген «Зеленский Владимир» сөзі украин тілінен ағылшыншаға «зұлымдық әлемді билейді» деп аударылады. Алайда фактчекерлері мұның фейк екенін анықтады.

Factcheck.kz