«Мариупольдегі 20 күн» фильмінің авторлары Донецк туралы фильмнен кадр ұрлады ма?

18 наурызда әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында «Оскар» сыйлығын жеңіп алған «Мариупольдегі 20 күн» деректі фильмінің авторлары Донбасстағы азап шеккен балалар туралы сегіз жыл бұрынғы «Ойыншықтар» қысқаметражды фильмінің кадрын пайдаланды деген ақпарат тарады. Дәлірек айтсақ ағашқа ілініп қалған балалар курткасының суреті туралы кадрды келтіреді.

Бұл туралы бірінші болып «Школьник-националист. Сын Листовского полка» патриоттық парақшасы хабарлаған. 

«Мариупольдегі 20 күн» фильмінің авторлары Донецк туралы фильмнен кадр ұрлады ма?
Telegram-дағы посттың скриншоты

Кейін «историк-алкоголик» телеграм арнасы, Readovka басылымы («Ойыншықтар» деректі фильмі екенін нақтылаған) «ұрлық», «плагиат» және «мағынасын өзгерткен» деп айыптап, кейінірек әлеуметтік желідегі басқа блог платформа пайдаланушылары мен БАҚ-тар бөліскен (1, 2, 3, 4, 5, 6).

Factcheck.kz бұл жаңалықтың рас-өтірігін тексерді.

Үкім: Жалған

  1. Шын мәнінде «Ойыншықтар» деп аталатын қысқаметражды деректі фильм жоқ. Авторлардың айтуы бойынша бұл сурет Артем Гришановтың түпнұсқа емес, футаждардан жиналған 2015 жылғы музыкалық бейнебаянынан алынған.
  2. Талқыға түскен кадр 2014 жылғы 15 қарашада Associated Press ақпараттық агенттігінің (AP) кітапханасында пайда болған және бұл Донецкіде емес, Горловкада түсірілген. Чернов өзінің фильмінің соңында кейбір материалдарды, соның ішінде AP-тен алған дереккөздер туралы да айтады. Сондықтан ешқандай «плагиат» туралы айтылмау керек дейді. Сонымен қатар, ол фильмнің өзі Associated Press-пен бірлесіп жасалған, ал Чернов сол агенттікпен ұзақ уақыт жұмыс істеп, өз жұмысын ұсынып тұрған.
  3. Фильмдегі кей кадрлар Мариуполь деп берілмейді – бұл фильмнің кей сегментінде пайда болып, қақтығыстың әртүрлі жылдарында өз ойын айтқан кадрге салынған.

Сондай-ақ бұл ақпаратты «Проверено» фактчекерлері тексеріп, дәл осындай шешімге келген.

Толығырақ…

Артем Гришанов – ресейлік музыкант, ол басқалармен қатар, патриоттық тақырыптағы бірқатар әндер шығарды, мысалы, «Қақпадағы жау», «Отан қорғаушылар», «Әлемді орыс әскері құтқарған», «Махаббатпен Ресейден» және т.б. Орындаушының YouTube арнасында көрілім арттырған негізгі контент осылар.

Автор ағылшын тіліне аударған «Ойыншықтар» әніне арналған бейне Toys for Poroshenko (қаз. – «Порошенкоға арналған ойыншықтар») 2015 жылғы 22 қыркүйекте жарық көрген. Онда шынымен де балалар курткасы бар кадр (4:29) кездеседі, оны «Мариупольдегі 20 күн» фильмінен де көруге болады (1:15:56).

Алайда кадрдың авторы Гришанов емес. Сонымен қатар, осы және басқа да туындыларында басқа да дереккөздерден рұқсатсыз алған үзінділерді қолданған деген шешімге келуге болады.  

Біз түпнұсқа кадрды Associated Press халықаралық ақпарат агенттігінің кітапханасынан таптық. Бейне 2014 жылғы 15 қарашада, Гришановтың клипінен бір жыл бұрын салынған.

3 минут 24 секундқа созылған бейнеклиптен Украинаның шығысындағы Горловка қаласын атқылу салдарын көрсетеді дейді тексерілген хабарлама авторлары. Ағашқа ілініп қалған куртканы 0:18-де көруге болады.

Чернов «Мариупольдегі 20 күн» фильмінде AP және Frontline PBS-пен бірге жұмыс істегені белгілі, сондықтан ол 2014 жылғы түпнұсқа кадрларға қол жеткізе алуы әбден мүмкін. Сонымен қатар, Чернов 2014 жылғы 15 қарашада Горловканың тас-талқаны шыққан сәтін түсірген АР фотографтарының қатарында болған.

Associated Press ұсынған бейнеде (1:53) қираған үйдің бөлмесінде тұрған адам мен кіріп келеген адам көрсетілген. Бұл кадрда ортада тұрған люстра мен фондағы қара қоңыр есікке назар аударайық. Черновтың AP-ға арналған осы суреттерді сайттан табуға болады. Суреттен кіре берісте тұрған ер адамды көруге болады. Бөлмедегі заттар да бірдей.  

Чернов басқа қалада түсірілген кадрды Мариупль ретінде көрсетті деген мәлімдеме де жалған. Фильмде 1:15:36 мен 1:16:30 арасындағы уақыт аралығында автор өз ойын баяндаған кезде әртүрлі уақытта түсірілген кадрлар да қосылған. Мәселен, жылап жатқан адамдар эпизоды. Бұл фрагмент Associated Press базасында да бар – ол 2014 жылғы 7 қарашада екі жасөспірімді жерлеу рәсімінде Донецкіде түсірілген. Черновта сол жерде болған.

Топтамадағы тағы бір кадрда екі әйел мен бір-бірін құшақтап тұрған қыз бейнеленген. Мұндай бейне AP кітапханасында да бар. Ол 2022 жылы 6 сәуірде Бучада түсірілген. Бұл эпизод 35 күн бойы балаларымен бірге жертөледе жасырынып, 42 күн бойы бірін-бірі көрмеген апалы-сіңліліер көрсетілген.

Әлбетте, үзінділер, соның ішінде ағашқа ілініп қалған балалар курткасы Мариупольдегі түсірілім ретінде ұсынылмағаны анық. Деректі фильмде олар белгілі бір мақсатқа — автор өз ойын білдіретін бөлікте визуал үшін пайдаланылған.

Журналист, сценарист. Изучала политическую журналистику.

Factcheck.kz