2023 жылы ең көп оқылған ТОП-5 фактчек

2023 жылы Factcheck.kz редакциясы әдеттегідей фейк, манипуляция және бұрмаланған ақпараттарды анықтап отырды. Бұл тұста командамыз болжамдар, жалған ескертулер мен шенеуніктердің манипуляциясы сынды түрлі тақырыптағы фейкпен күресті. Оның ішінде қазақ тілді аудиторияға бейімделген, жалған ақпарат та көп болды.

Factcheck.kz редакциясы назарларыңызға 2023 жылы ең көп оқылған ТОП-5 фактчек материалды ұсынады.

Түркиядағы жер сілкінісі. Тоңазытқыш айналасы қауіпсіз бе?

Мессенджер мен әлеуметтік желілерде Түркияда 2023 жылдың 6 ақпанында болған жойқын зілзаладан кейін көмек көрсетіп жатқан Қазақстанның ТЖ өкілдері айтты делінген ақпарат тараған. Онда жерасты дүмпуі кезінде аман қалу мүмкіндігі көп қауіпсіз орын – тоңазытқыштың маңы екені айтылған еді. Дәлел ретінде жер сілкінісінен бүлінбеген бірнеше тоңазытқыштың суреті берілген.

  • 2023 жылы ең көп оқылған ТОП-5 фактчек
  • 2023 жылы ең көп оқылған ТОП-5 фактчек
  • 2023 жылы ең көп оқылған ТОП-5 фактчек

Алайда, Factcheck.kz анықтауынша, жер сілкінісі кезінде тоңазытқыштың жанына тығылу керегі туралы ұсыныс ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің сайтында да (12), шетелдік органдардың сайтында да (12) жоқ. Керісінше тоңазытқыш немесе басқа да ауыр әрі нық бекітілмеген жиһаздың маңын қалқалау қауіпті болуы мүмкін. Мәселен, жер қатты тербелген кезде ауыр зат адамның үстіне құлап, басып қалуы ықтимал. Материалдың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыз.

Ғалым Түркиядағы жер сілкінісін болжағаны рас па?

6 ақпанда Түркия мен Сирия шекарасында 7,8 және 7,5 балдық жойқын жер сілкінісі туралы желіде сан түрлі ақпарат тарады. Осы оқиғалардан кейін баспасөз құралдары (12345) мен әлеуметтік желілерде Фрэнк Хугербитс дейтін сейсмологтың хабарламасы тарап кетті. Ол оқиғадан үш күн бұрын жер сілкінісі басталатынын болжаған-мыс. Бір дереккөздер ғалымды көреген және «Нострадамус» деп атаса, басқалары Хугербитс — шарлатан дейді.

Фрэнк Хугербитстің Twitter-інен: «Ерте ме, кеш пе, осы аймақта (Түркия, Иордания, Сирия және Ливан оңтүстік аймағының орталығында шамамен 7,5 балдық жер сілкінісі болады».    

Түркиядағы жер сілкінісі туралы болжамды Хугербитс «планеталық геометрияның көрсеткішін» негізге алып жасаған. Бұл  — аспан денелерінің белгілі бір орналасу көрсеткіші.  Оның пікірінше, бұл көрсеткіш «белсенді сейсмикалық қызметпен» байланысты болады, бірақ ресми ғылым бұл теорияны растамаған.

Хугербитстің 2015 жылы Непалдағы жер сілкінісін болжағаны да хабарланды. Бірақ дәл сол жылы голландиялық 28 мамырда бес планетаның парадын негізге алып Калифорниядағы 9,8 балдық жер сілкінісі болады деп болжаған, бірақ аймақта ешқандай жер сілкінісі болған жоқ. Сол кезеңде ешқандай планета парады да болмады. Материалдың толық нұсқасын мына сілтемеге өтіп, оқи аласыз.

Қазақстанда мобильді интернет арзан және қолжетімді ме?

Шілдеде цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин еліміздегі интернеттің бағасы мен сапасы туралы бірнеше мәлімдеме жасады. Олардың бәрі қазақстандықтардың интернет жылдамдығы туралы шағымына қатысты болды. Басында шенеунік бәріне радиофобтар мен тым арзан тарифтерді кінәлады. Сосын қазақстандықтарға Еуропа мен АҚШ-ты мысалға келтіріп, интернетті үнемдеуге шақырды, сонымен қатар Астана Speedtest (интернет жылдамдығы) рейтиңінде Токионы басып озды деді. Мусиннің мәлімдемесімен қатар Қазақстандағы мобильді операторлар қызмет ақысын көтеретіні туралы хабарламалар пайда болды. Осыған орай Factcheck.kz редакциясы «Қазақстандағы интернет расымен өте арзан және қолжетімді ме?» деген сұраққа жауап іздеп көрді.

Factcheck.kz анықтауынша, әлемдегі интернет бағасы туралы негізгі дереккөз – Cable.co.uk (1, 2) британдық аналитикалық ресурс. Портал рейтинңіне сәйкес, Қазақстан расымен 1 ГБ үшін ең арзан чек төлейтін мемлекеттер қатарына кірген. Оның бағасы – 0,37 USD. Расымен, басқа мемлекеттердегі бағамен салыстырғанда Қазақстанда интернет арзан. Алайда мұнда манипуляция белгілері бар. Себебі, Cable.co.uk азаматтардың сатып алу қабілетін, яғни, интернеттің қолжетімділігін қарастырмайды. Материал мына сілтемеде.

Қазақстанда тауар ақысын мобильді аударыммен төлеуге тыйым салынды ма?

26 шілдеде желіде Қазақстанда тауар ақысын мобильді аударыммен төлеуге тыйым салынғаны туралы хабарламалар (1, 2, 3, 4) тарады. Жаңалық ресурстарының дерегінше, қаржы министрі тиісті жарлыққа қол қойған.

Қазақстанда тауар ақысын мобильді аударыммен төлеуге тыйым салынды. Қаржы министрі тиісті жарлыққа қол қойды. Салық кодексі бойынша төлемнің бәрі бақылау-касса машиналары арқылы жасалуға тиіс. Мобильді төлемдерді банк қосымшасындағы QR-код арқылы жасауға болады. Егер POS-терминалмен [қолма-қол ақшасыз] төлем қабылдамаса, мемлекеттік кірістер комитетіне шағым түсіруге болады — ол үшін айыппұл қарастырылған.

БАҚ пен әлеуметтік желілердегі хабарлама

Қазақстанда расымен мобильді аударыммен төлем жасауға бір жарым жыл бұрын тыйым салған. Қаржы министрі бұйрыққа 2022 жылғы 29 наурызда қол қойған және құжат сол жылғы 15 сәуірден іске қосылған. Көптеген БАҚ мұны енді шыққан жаңалық сияқты таратып жатыр, сондықтан заң жуырда ғана күшіне енген сияқты әсер қалдырған. Материалдың толық нұсқасы осы сілтемеде.

Қазақстанға Қытайдың әскери техникасы келгені рас па?

6 маусымда БАСЕ YouTube арнасында және инстаграмдағы бірнеше парақшада (1, 2, 3) “Қазақстанда Қытайдың әскери техникасы не істеп жүр?” деген мазмұндағыф видео жарияланды. Видеода поездың әскери техниканы алып бара жатқаны бейнеленген. Кадр сыртындағы адамның сөзіне сай, “Қытай әскери техникалары” Семейге қарай кетіп бара жатыр. Бұдан бөлек, кейбір желі қолданушылары БАСЕ арнасының видеосының әскери техника көрсетілген кадры мен “Қытай әскери техникасын Ресейдің Украинаға қарсы соғысына көмек ретінде жіберіп жатыр, ал Қазақстан — транзит” деген тұсын бөліскен. Factcheck.kz оқырмандардың сұрауы бойынша, ақпараттың мән-жәйін тексерді.

https://www.instagram.com/tv/CtJ_QlEt1RS/?igshid=MzRlODBiNWFlZA%3D%3D

Видео Қазақстанда түсірілгені рас. Алайда бұл 2018 жылы жасалған кадр және Қытайдың Ресейге берген әскери көмегі емес. ҚР Қорғаныс министрлігінің Factcheck.kz редакциясына берген жауабына сай, Қытай Халық Республикасының әскери техникасын Қазақстан аумағы арқылы Ресейдің Челябі облысындағы Шұбаркөл полигонына апара жатқан сәті бейнеленген. Оған себеп — Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер терроризмге қарсы «Бейбіт миссия – 2018» оқу-жаттығу өткізген. Ал бұл полигонда көбіне танктердің жаттығуы өтеді. Яғни, манипуляция. Толығырақ мына сілтеге өтіп, оқысаңыз болады.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz