Қазақстанда мобильді интернет арзан және қолжетімді ме?

Шілдеде цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин еліміздегі интернеттің бағасы мен сапасы туралы бірнеше мәлімдеме жасады. Олардың бәрі қазақстандықтардың интернет жылдамдығы туралы шағымына қатысты болды. Басында шенеунік бәріне радиофобтар мен тым арзан тарифтерді кінәлады. Сосын қазақстандықтарға Еуропа мен АҚШ-ты мысалға келтіріп, интернетті үнемдеуге шақырды, сонымен қатар Астана Speedtest (интернет жылдамдығы) рейтиңінде Токионы басып озды деді. Мусиннің мәлімдемесімен қатар Қазақстандағы мобильді операторлар қызмет ақысын көтеретіні туралы хабарламалар пайда болды. Осыған орай Factcheck.kz редакциясы «Қазақстандағы интернет расымен өте арзан және қолжетімді ме?» деген сұраққа жауап іздеп көрді.

Үкім: Шындық және манипуляция

Шындық неде: Әлемдегі интернет бағасы туралы негізгі дереккөз – Cable.co.uk (1, 2) британдық аналитикалық ресурс. Портал рейтинңіне сәйкес, Қазақстан расымен 1 ГБ үшін ең арзан чек төлейтін мемлекеттер қатарына кірген. Оның бағасы – 0,37 USD. Расымен, басқа мемлекеттердегі бағамен салыстырғанда Қазақстанда интернет арзан.

Манипуляция неде: Cable.co.uk азаматтардың сатып алу қабілетін, яғни, интернеттің қолжетімділігін қарастырмайды. Біз Халықаралық электр байланысы одағының (ITU)  мобильді трафик бағасы мен жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табыс қатынасын, сонымен қатар әртүрлі мемлекет тұрғындарының төменгі және орташа жалақының қанша пайызын интернетке төлейтінін есептеп, 1 ГБ бағасы әрдайым интернеттің халық үшін қаншалық арзан не қымбат екенін көрсете бермейтінін білдіреді деген қорытындыға келдік. Көптеген еуропалық мемлекет азаматтарымен салыстырғанда, қазақстандықтар жалақысының көп пайызын жұмсайды.

Мысалы, Нидерландта гигабайттың орташа бағасы Қазақстаннан көп (1,90 USD), бірақ айына 15 ГБ-тың ақысы ең төменгі жалақының 1,34%-і ғана. Сөйте тұра, Қазақстанда тура сонша көлемдегі тариф төменгі жалақының 3,54%. ITU да сондай нәтиже көрсетеді: Қазақстанда 2 ГБ пакеті мен байланыс қызметі жалпы ұлттық табыстың 1,14%-і, ал Нидерландта небәрі 0,49%-і тұрады.

Министр не деді?

Қазақстандағы арзан мобильді интернет туралы деректерді ескере отырып, Бағдат Мусин арзан тариф тиімді пайдаланалымағандықтан интернет жылдамдығының азаюына алып келеді деп түсіндірді.

Тұтынушыларымыз үнемі интернетте отырады, бұл көп салмақ салады. Америкада не Еуропада тұтынушылар видео ашпас бұрын, оның керегі бар-жоғын ойланады, себебі ол мегабайт жұмсап отырып, ақшасынан айырылады.

Бағдат Мусин

Министр цитатасына қарасақ, қазақстандықтар мобильді интернетке ақы төлер кезде еуропалықтар мен америкалықтар сияқты еш ауыртпалық түсірмейтін сияқты, сондықтан үнемдемейтіндей көрінеді. Бірақ шын мәнінде солай ма?

Мобильді интернеттің Қазақстандағы және әлемдегі бағасы

Телекоммуникациялар туралы ең көп цитата келтірілетін дереккөздің бірі — Cable.co.uk — кеңжолақты және мобильді интернет, телевидение бағасының аналитикасын ұсынатын алдыңғы қатарлы ресурс. Жыл сайын Cable.co.uk мемлекеттердегі мобильді интернеттің 1 ГБ үшін баға рейтиңін салып отырады. Орташа чекті алу үшін мамандар бүкіл әлем бойынша жүздеген тарифтік жоспарды қарап шығады. 2022 жылы Қазақстан ең арзан интернеті бар алғашқы 20 мемлекет қатарына енді. Оның орташа бағасы 0,37 АҚШ доллары болды.

Қазақстанда мобильді интернет арзан және қолжетімді ме?
Cable.co.uk

Орталық Азия бойынша біздің мемлекет Өзбекстанмен бірге екінші орында тұр. Бірінші орынға 0,17 АҚШ долларымен Қырғызстан жайғасқан.

  • Қырғызстан – 0,17 USD
  • Қазақстан – 0,37 USD
  • Өзбекстан – 0,37 USD
  • Тәжікстан – 1,49 USD
  • Түркіменстан – 14,27 USD

Сондай-ақ қазақстанда гигабайт трафигі басқа мемлекеттерге қарағанда арзан:

  • Қытай – 0,41 USD
  • Беларусь – 0,79 USD
  • Ирландия – 1,58 USD
  • Нидерланд – 1,90 USD
  • Түркия – 0,39 USD
  • Литва – 1,17 USD
  • Бельгия – 3,00 USD
  • Эстония – 1,20 USD
  • Болгария – 0,90 USD
  • Украина – 0,43 USD
  • Латвия – 3,00 USD
  • Румыния – 0,45 USD
  • Польша – 0,41 USD
  • Германия – 2,67 USD
  • Катар – 6,87 USD
  • Испания – 0,60 USD
  • АҚШ – 5,62 USD
  • Канада – 5,94 USD
  • Бразилия – 0,74 USD

Бірақ салыстырмалы түрде бағаның төмен болуы оның қолжетімді екенін білдіре ме? Cable.co.uk әртүрлі мемлекеттердегі тұтынушылық қабілетті қарастырмайды, бірақ Халықаралық электр байланысы одағы (ITU) сондай форманы қолданады. ITU аналитиктері провайдерлер қызметіне халықтың жан басына шаққандағы Жалпы ұлттық табысының қанша пайызы жұмсалатынын есептеп отырады.

Жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табыс — мемлекет жерінде бір жыл ішінде өндірілген тауарлар мен қызметтердің бәрінің жалпы бағасына азаматтардың шетелден алған табысының қосылуы, одан шетелдіктердің мемлекеттен шығарып алған табыстарды алып тастағандағы көлемі.

Біз ITU пікірінше мобильді интернет пакеті бар ең тиімді бағаны (140 мин. + 70 смс + 2 ГБ) жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табыспен қатынасын есептеп шықтық. Қазақстан үшін бұл цифр 1,14% болды. Ал 1 ГБ қымбатырақ тұратын біршама елде бұл пайыз анағұрлым төмен:

  • Қытай – 0,99%
  • Беларусь – 1,57%
  • Ирландия – 0,38%
  • Нидерланд – 0,49%
  • Түркия – 0,78%
  • Литва – 0,37%
  • Латвия – 0,42%
  • Румыния – 0,58%
  • Польша – 0,46%
  • Германия – 0,27%
  • Катар – 0,33%
  • Испания – 1,29%
  • АҚШ – 0,74%

Яғни, салыстырмалы түрде Қазақстанда тариф арзан болса да, мысалы, мобильді интернет әлемдегі ең қымбат саналатын Катарға қарағанда жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табыстың көп пайызы жұмсалады. Тіпті, жалпы ұлттық табыс та жалпылама көрсеткіш, сондықтан тұтынушыларға 15 ГБ* үшін ең төменгі және орташа жалақының қанша пайызын жұмсайтынын анықтап көрдік.

*Ericsson есебіне сәйкес, орташа есеппен әр тұтынушыға ай сайын 15 ГБ трафик кетеді.

Қазақстанда мобильді интернет арзан және қолжетімді ме?

Төменгі жалақыға шаққандағы пайызы

  1. Израиль – 0.04%
  2. Франция – 0.23%
  3. Испания – 0.71%
  4. Польша – 0.75%
  5. Румыния – 1.02%
  6. Ирландия – 1.13%
  7. Нидерланд – 1.34%
  8. Түркия – 1.38%  
  9. Қытай – 1.64%
  10. Қырғызстан – 1.66%
  11. Германия – 1.83%
  12. Литва – 1.91%
  13. Бельгия – 2.1%
  14. Эстония – 2.26%
  15. Болгария – 3,09%
  16. Қазақстан – 3.54%
  17. Украина – 3.56%
  18. Канада – 4.43%
  19. Үндістан– 5.1%
  20. Латвия – 6.62% 
  21. США – 7.27% 

Орташа жалақыға шаққандағы пайызы

  1. Израиль – 0.02%
  2. Франция – 0.12%
  3. Польша – 0.33%
  4. Испания – 0.33%
  5. Қытай – 0.4%
  6. Румыния – 0.42%
  7. Ирландия – 0,59% 
  8. Үндістан – 0.64%
  9. Нидерланд – 0.62%
  10. Қырғызстан – 0.71%
  11. Қазақстан – 0.72%
  12. Литва – 0.81%
  13. Германия – 0,89%
  14. Эстония – 0.96%
  15. Түркия – 0,98%
  16. Бельгия – 1.07%
  17. Болгария – 1.24%
  18. Украина – 1.44%
  19. АҚШ – 1.83%
  20. Канада – 2.49%
  21. Латвия – 2.68% 

Бұдан бөлек, Еуропада ең төменгі жалақы көлемін белгілемейтін де елдер бар. Бірақ орташа жалақының қанша бөлігін Интернетке жұмсайтынын көре аламыз:

  1. Дания – 0.1%
  2. Австрия – 0.31%
  3. Швеция – 0.66%
  4. Қазақстан – 0.72%
  5. Лихтенштейн – 0.77%
  6. Норвегия – 1.27%
  7. Швейцария – 1.45%

Біздің салыстыруымыз қолжетімділік тұрғысынан алғанда қазақстандықтар үшін интернет Еуропадағыдан арзан емес екенін көрсетеді. Біз қарастырған 13 Еуропа елінде ең төменгі жалақы бойынша интернет үшін Латвия ғана Қазақстаннан көп ақша төлейді. Орташа жалақымен қарасақ, Еуропаның 19 елінің ішінде Қазақстан шамамен ортасында тұр. 9-дан 8 мемлекетте халық Қазақстанға қарағанда интернетке жалақысының өте аз бөлігін төлейді және оларда 1 ГБ бағасы Қазақстаннан көп.

Бұдан байқайтынымыз, Еуропаның кей мемлекеттерінде интернет қымбат, бірақ қазақстандықтарға қарағанда халықтың қалтасына қатты ауыртпалық түспейді. Отандастарымызға табыс көлемінің айырмашылығына байланысты интернетке жалақысының көп пайызын жұмсауға тура келеді. АҚШ-та чек расымен параметрі бойынша жоғары, бірақ резиденттерде тарифті айына 35-40 пайызға дейін төмендететін мүмкіндік бар екенін де атап өту керек. Мұндай жоспар шығынды төменгі жалақының 3,45%-нан орташа жалақының 0.87%-на дейін шығындарды қысқартады.

Біздің ресми деректерді қолданғанымызды да атап өткеніміз жөн. (Ұлттық статистика бюросы дерегінше, Қазақстандағы ең төменгі жалақы — 70 000 теңге, орташа жалақы — 340 636 теңге). Осыған орай, орташа жалақы көрсеткіші шынайы табыс көрсеткіші емес екенін де атап өту маңызды, әсіресе, халық саны көп жерлерде. Қазақстандықтардың көбі бұдан анағұрлым аз табыс табады, сондықтан интернетке жалақысының 0,72%-нан да көп жұмсайды.

Түйін

Қазақстандағы мобильді интернет бағасы басқа мемлекеттермен салыстырғанда өте демократиялы көрінуі мүмкін. Бірақ, егер сатып алу қабілеті шығындарын ескерсек, Еуропа мен басқа мемлекет тұрғындары интернетке қазақстандықтарға қарағанда айлық жалақысының аз көлемін жұмсайды деген сөз. Сондықтан қазақстандықтар еуропалықтар мен америкалықтарға қарағандща интернет арзан болған соң үнемдемейді деп айту орынсыз.

Журналист, сценарист. Изучала политическую журналистику.

Factcheck.kz