Қазақстанда тауар ақысын мобильді аударыммен төлеуге тыйым салынды ма?

26 шілдеде желіде Қазақстанда тауар ақысын мобильді аударыммен төлеуге тыйым салынғаны туралы хабарламалар (1, 2, 3, 4) тарады. Жаңалық ресурстарының дерегінше, қаржы министрі тиісті жарлыққа қол қойған.

Қазақстанда тауар ақысын мобильді аударыммен төлеуге тыйым салынды. Қаржы министрі тиісті жарлыққа қол қойды. Салық кодексі бойынша төлемнің бәрі бақылау-касса машиналары арқылы жасалуға тиіс. Мобильді төлемдерді банк қосымшасындағы QR-код арқылы жасауға болады. Егер POS-терминалмен [қолма-қол ақшасыз] төлем қабылдамаса, мемлекеттік кірістер комитетіне шағым түсіруге болады — ол үшін айыппұл қарастырылған.

БАҚ пен әлеуметтік желілердегі хабарлама

Оқырмандардың сұрауы бойынша Factcheck.kz ақпараттың рас-өтірігін тексеріп көрді.

Үкім: Шындыққа жақын

Қазақстанда расымен мобильді аударыммен төлем жасауға бір жарым жыл бұрын тыйым салған. Қаржы министрі бұйрыққа 2022 жылғы 29 наурызда қол қойған және құжат сол жылғы 15 сәуірден іске қосылған. Көптеген БАҚ мұны енді шыққан жаңалық сияқты таратып жатыр, сондықтан заң жуырда ғана күшіне енген сияқты әсер қалдырған.

Біршама БАҚ дереккөз ретінде 24.kz телеарнасының репортажына сілтеме келтірген. Алайда онда мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасалып, сондай бұйрықтың бар екені ғана айтылған. Яғни, сюжет мобильді аударымдарға тыйым бар екенін қазақстандықтардың есіне салады, себебі көптеген сатушылар мен сатып алушылар сондай амалға әлі де жүгінеді.

Тұлғалардың жеке мақсаттағы аударымдарына өзгерістің қатысы жоқ.

Бұйрық туралы

Бұйрыққа сәйкес, кәсіпкерлік қызмет деп сондай қызметпен айналысуға арналмаған банк есепшотына жеке тұлғалардан 100 не одан көп ақша аударымын жүзеге асырған жағдай есептеледі. Аударымдар үш ай бойы түсіп тұруы керек.

Бұйрық екінші деңгейлі банктер ондай тұлғалар туралы деректер мемлекеттік кіріс органдарына хабарлайтынын қарастырған. Алайда бұл процесс 2025 жылға дейін сатылай жүзеге асырылады. Әр сатыда физикалық тұлға категориялары кеңейе береді.

  • I саты (2022 жылғы 1 қаңтардан) — мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайы, оларға және жұбайына теңестірілген адамдар.
  • II саты (2023 жылғы 1 қаңтардан) — бюджеттік сала қызметкерлері мен олардың жұбайы, сонымен қатар квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері мен олардың жұбайы.
  • III саты (2024 жылғы 1 қаңтардан) — жетекшілер, заңды тұлғалардың құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайы, жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайы.
  • IV саты (2025 жылғы 1 қаңтардан) — халықтың қалған категориясы.

Тауар ақысын қалай төлеу керек

Салық кодексінің 166-бабы 1-бөлімі бойынша, Қазақстанда тауар алу, жұмыс атқару не қызмет көрсету үшін барлық ақша есебі міндетті түрде бақылау-кассалық машиналар арқылы жүргізілуі керек. Бұл аппарат табыс туралы деректі тіркейді және оны салық органына береді, сонымен қатар қағаз немесе фискалды чек береді. Мұндай аппарат қолданылмаған жағдайда алдымен ескерту жасалып, содан кейін 15-50 АЕК (51 750-172 500 теңге) аралығында айыппұл төленеді.

Бақылау-кассалық машина — деректер жіберу функциясы бар немесе жоқ фискалды жады блогы бар электронды құрылғы. БКМ тауар сату, жұмыс істеу, қызмет көрсету кезінде ақша есебі туралы ақпаратты тіркейді және көрсетеді. БКМ ақша немесе электронды фискалды (кассалық) чек — сатушы мен сатып алушы арасындағы мәмілені растайтын құжатты береді. Чек бойынша сатып алушы жарамсыз тауар ақысын қайтаруды талап ете алады немесе даулы жағдайда сотқа апара алады. Кейде бір аппаратта БКМ мен ақшасыз есеп айырылысу терминалының (POS-терминал) бірнеше қызметі болуы мүмкін.

Ақшасыз мобильді аударымдарға келсек, олар QR-код қолдану арқылы арнайы мобильді қосымша көмегімен жүзеге асырылуға тиіс. Мұндай қосымша арқылы төлегенде БКМ арқылы чек міндетті түрде берілуі керек. Егер сатып алушы төлем картасымен төлесе, сатушы оған POS-терминал слипін беріп, соманы БКМ арқылы өткізіп, сатып алушыға кассалық чек беруге тиіс. Чек берілмеген жағдайда ескерту қарастырылған, ал қайта қайталанған жағдайда 20-40 МРП (69 000-138 000 теңге) айыппұл қарастырылған.

Ақшасыз төлем жасау терминалы (POS-терминал) — төлем картасы немесе мобильді қосымша қолдану арқылы есеп айырылысуға арналған құрылғы. Модулькасса порталына сәйкес, терминал кассаны алмастыра алмайды: ол фискалды чек бермейді және ақпаратты фискалды деректер операторына жібермейді. Терминал слип — яғни, картадан төлем алынғанын растайтын құжат шығарады. Ол сатып алушы, банк пен сатушы арасындағы мәмілені растайды. Терминал чегінде сауда сомасы мен клиент картасының ақпараты болады. Бірақ онда кассалық чекте болатын реквизиттер жоқ, мысалы, касса реквизиті, фискалды жинақ номері, дүкеннің салық төлеу формасы. Тауар ақысын терминал арқылы қолма-қол ақысыз төлеген жағдайда сатушы клиентке екі чек беруі керек, олардың бірін сатушы өзімен бірге алып кетсе, екіншісін бухесеп жүгізу үшін сатушыға қайтарып береді. Содан кейін банк операцияны растаған соң сауда жасалған сома чегі міндетті түрде кассада тіркеледі.

Бақылау-кассалық машинасыз POS-терминал қолдану заңды емес. Әр кәсіпкерде POS-терминал мен онлайн-БКМ (бағдарлама) болуы керек, себебі ақша есебінің бәрі сол арқылы өтеді. POS-терминал болмаған жағдайда, алдымен ескерту жасалады, содан кейін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 194 және 195 бабына сәйкес айыппұл салынады.

Онлайн-БКМ бір жағдайда ғана қолданбауға болады: сауда интернет байланысы жоқ жерлерде жасалса. Сонда есеп айырылысу үшін бақылау-кассалық машинаны деректерді жіберу қызметінсіз қолдануға болады:

  • Жеке тұлғалар;
  • Жеке сот орындаушы, адвокаттар мен медиаторлар;
  • Белгіленген форма бойынша билет беретін қалалық қоғамдық көлікте жолаушылар тасымалдау қызметін көрсету;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі;
  • Телекоммуникация желілері жалпы қолдану орнында қызмет көрсететін салық төлеушілер;
  • Екінші деңгейлі банктер;
  • діни бірлестіктер;
  • Поштаның ұлттық операторы, телекоммуникация желісін жалпы қолдану желісі жоқ жерлерде жүзеге асырылып жатқан есеп айырылысуды есептемегенде;
  • Арнайы мобильді қосымша арқылы төлем жасау.

Бақылау-кассалық аппаратты қолдану талаптарын бұзу туралы хабарлаған жағдайда 1000 теңге сыйақы беріледі. Ол үшін чек бермеу немесе банк картасын қабылдаудан бас тарту кезін видеоға түсіріп, оны аймақтық салық органдарына жіберу керек.

журналист, фактчекер, выпускница Online Factcheck Academy 2020

Factcheck.kz