«Бір белдеу, бір жол» жобасы Орталық Азиядағы Қытайдың ықпалын күшейтті

Былтыр Қазақстан-Қытай қарым-қатынасында көптеген маңызды оқиға болды – визасыз режим енгізілді, Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР-ға ресми сапармен барды және «Бір белдеу, бір жол» (Belt and Road Initiative — BRI) деп аталатын тарихтағы ең ауқымды инфрақұрылымдық жобаға 10 жыл болды.

Екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық мығым байланыс орнату үшін Қазақстан мен көршілес серіктестері қытайлық ірі жобаға қатысып келеді. Өткен жылы Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы тауар айналымы 70 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл – рекордтық көрсеткіш. 

Қытайтанушы, CAPSUnlock қорының сарапшысы Руслан Изимов BRI мүмкіндігі мен бағдарлама нәтижесінің көлеңкесінде қалатын негативті тенденциялар туралы айтып берді. 

BRI деніміз не және ол Қытайға не үшін керек?

Бұл жобаны алғаш рет ҚХР-дің қазіргі басшысы Си Цзиньпин 2013 жылы Астанада ұсынды. «Бір белдеу, бір жол» арқылы Қытай мен Еуропаның құрлықтағы және теңіз сауда жолдарын біріктіреді деп жоспарланған. Бүгінде бағдарламаға 150 ел және 30 халықаралық ұйым қатысқан. Қытайдың ақпаратына сүйенсек, бүкіл әлем бойынша құны 1 трлн АҚШ долларынна жететін 3 мың BRI жобасы жүзеге асып жатыр. 

2015-2017 жылдары BRI аясында Орталық Азия елдерімен миллиардтаған инвестиция құю туралы келісімге қол қоюмен өтті. Қытайдың алдында екі мақсат тұрды:

  • сыртқы экономикалық ортада – Қытай-Еуропа (немесе Шығыс-Батыс) жолы бойынша жерүсті транзитті-транспорт дәлізін жасау;
  • ішкі саяси ортада – инвестиция құю арқылы Орталық Азияда әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайдың жақсаруы үшін жағдай жасау (Шыңжаңдағы тұрақтылықты сақтау үшін);

Неге Қытай BRI жобасын жалғастырады?

Қытай қайта күш жинап, BRI жобаларын жүзеге асыруға құлықты екенін көрсететін бірнеше фактор бар:

  • Пандемияның аяқталуы. Қатысушы елдердегі басым көп жобалардың тоқтап қалуына дәл осын пандемияның кесірі тиді. Қытай басқа елдерден ұзағырақ карантиндік режимді ұстады. 2022 жылдың соңында Қытай үшін ең проблемалық аймақ Шыңжаңдағы протестерден кейін билік шектеулерді алып тастады. 
  • Украинадағы соғыс. Қытайдың қызығушылығына соғыстың басталуы мен масштабы кедергі келтірді. Бұл қиындық экономикалық және саяси мәселелермен келді. Украинадағы соғыстың кесірінен Қытай Ресей мен Украина аумағынынан өтетін солтүстік маршруттағы автомобиль, теміржол және авиа, жүк тасымалында ірі көлемде шығынға ұшырады
  • Қытай мен АҚШ арасындағы қарысыластықтың ушығуы. Құрлықтағы транзиттік-транспорттық дәлізге миллиардтаған қаржы құйылған BRI о бастан Қытай мен Еуропа арасындағы тауар айналымды қамтамасыз ететін теңіз жолына альтернатива ретінде жасалған-ды. Енді АҚШ пен Қытайдың теңіздегі бетпе-бет қарсыластығы өршіп, басымдық алу өте маңызды болып кетті.
  • АҚШ пен олардың одақтастары бастаған неолибералдық әлемдік тәртіпті ығыстыратын жаңа әлемдік тәртіпті қалыптастыру. Бұл негізде Қытайдың жаңа күш ортасы ретінде көршілес жақтан Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерін көздеп отырғаны рас. Ал бұл ойды жүзеге асыру үшін BRI – таптырмас әдіс.

BRI-ға қытайлықтардың көзқарасы қандай? 

BRI-дың стратегиялық маңызы мен шексіз мүмкіндіктері туралы пікірден бөлек, Қытайда сынның да дауысы естіліп жатады. Қытайдағы зерттеушілердің басым көпшілігі Орталық Азия елдеріндегі басымдыққа ие болуға келесідей проблемалар кедергі келтіреді деп ойлайды:  

  1. Саяси тұрақсыздық Қытай кәсіпорындарының инвестициялық қауіпсіздігіне зиянын тигізеді. Сондай-ақ сарапшылар орталықазиялық элита мемлекет басқаруда артта қалған әдіс қолданады, оларға кадрлық саясатты дұрыс жүргізбеу және коррупция тән деп ойлайды. 
  2. Шетелдік компанияларға қолдан жасалған протекционистік әдіс қолданатын экономикалық ұлтшылдық. 
  3. Қауіпсіздік мәселесі де ұйқыны қашырады. Орталық Азиядағы бес елдің үкіметінің бақылауы нашар болғандықтан, аймақтағы қауіпсіздік бір сәтте шайқалуы мүмкін (мысалы, террорлық шабуылдар). 
  4. Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы мәдениет өзгешелігі. Сарапшылар аймақтағы елдердің тәуелсіздік алуы «пантүркизм» және «панисламизм» идеяларының жаңғыруына сеп болды дейді. Соңғысы Шыңжаңға өтіп кету қауіпі де жоқ емес. 

Кейінгі он жылдықта Пекиннің Орталық Азияға деген әсерін кеңейту үшін жасалған әдісі қалай өзгерді?

Қытай арсеналы кем дегенде үш жаңа механизммен толықты. 

Біріншіден, ҚХР Орталық Азиядағы рөлін қауіпсіздік саласында мығымдап келеді. Саяси дүрбелеңнің жиілеуі (2022 жылдағы Қазақстан, Өзбекстан, Қырғыстан), сонымен қатар әртүрлі эстремистік шабуылдар (Тәжікстан) Пекинді аймақтағы қауіпсіздік құралдарын көбейтуге итермелеп отыр. Қытай өз серіктестеріне, соның ішінде Орталық Азия елдері үшін қауіпсіздік гаранты боламын деп жиі мәлімдеме жасай бастады. 

Мысалы, Қырғызстанда бүгін қытайлық жекеменшік күзет кәсіпорындары жұмыс істеп жатыр. Болашақта қытай билігі бұл әдісті басқа елдерде де қолданатыны анық. 

Бұдан бөлек Қытай BRI-ға қатысушы елдер арасында ірі инвестициялық нысандарда қорғау аймағын құру туралы ұсыныс та білдірген. Бұл ұсыныс қазір ақырындап жүзеге асып келеді. 2020 жылы Қытай мен Пәкістан пәкістандық Гвадар портының айналасына қорғаныс құрылысын саламыз деп шешкен.  

Екіншіден, Қытай аз уақыт ішінде Орталық Азияда технологиялық шешімдер бойынша маңызды рөльге ие болды. Қазақстанда қазір бірқатар қытайлық ІТ компаниялар бар. Бұлар цифрлы инфрақұрылым (Huawei Technologies, Hikvision, Dahua и др) саласында жұмыс істеп келеді. Компаниялар 5G технологиясын енгізу, заманауи дата-орталықтар жасау, «ақылды-қалаларды» дамыту бойынша қол ұшын созбақ. 

Дегенмен қытайлық озық технологияларды енгізу тек пайда әкеле бермейді дейді кейбір мамандар. Мысалы Қазақстанда жұмыс істеп жатқан қытайлық компаниялар қазірдің өзінде елдің цифрлы инфрақұрылымында белгілі бір мөлшерде бақылауда ұстап отыр, ал cloud storage пайдалану және Жасанды интеллект көмегіне жүгіну арқылы қытайлық технологиялық гиганттарға деген тәуелділігімізді арттыра түседі

Үшіншіден, нақ осы Орталық Азияда Қытай дипломатияның жаңа формаларын тексеріп жатыр. Бұл жолы тәжірибе жасайтын ел тағы сол Қырғыстан болды. Бұл жерде қытайлық әсерді күшейту мақсатында әртүрлі құрылымдар жұмыс істейді – мысалы, Бішкекте «Шетелдік қытайларға қызмет көрсету орталығы» желісінің филиалы ашылды. Әртүрлі деректерге сәйкес, бұны еріктілер басқарады-мыс. Бұл орталықтың басшылары экспатрианттардың іскерлік ортасындағылар деген апарат бар. 

Ал іске келгенде бұл орталық елшіліктің бір бөлімі ретінде жұмыс істейді және жергілікті халықтың қытайлықтарға деген қатынасының жақсаруы үшін еңбек етеді.

Қазақстан Қытаймен қатынасты тереңдете түскенінен (оның ішінде BRI аясында) қандай қауіп бар?

Экономикада Қытайға деген тәуелділік бүгіннің өзінде ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіріп тұр. ҚХР-мен арада дау-дамай болса, Қытай экономикалық мәжбүрлеу құралдарын қолдануы мүмкін (бастысы ол бұл құралды қолдануды біледі!). Мысалы Аустралиямен болған дау кезінде Пекин санкция мен тарифтер «тілін» қаншалықты жетік меңгергенін көрсетті. Ол аз десеңіз, 2020-2022 жылдары Қытай жүк көліктеріне әдейі кедергі келтіріп, Қазақстанға да экономикалық қысым көрсетті. Биыл ғана бұл проблеманың бір бөлігі шешімін тапты. 

Одан бөлек, ең маңызды проблема – аймақтағы мемлекеттердің Қытай алдында қарызға батуы. Пекиннің Тәжікстан мен Қырғызстанның сыртқы қарызындағы мөлшері адам айтса нанғысыз. 2022 жылдың шілдесінде  Қырғызстан Қытайдың Эксимбанкіне 1,7 млрд АҚШ доллары (Сыртқы қарыздың 42,9%-ы)  қарыз болып, шекті мәнге жетіп қалды. Егер Оралық Азияда қарызды кешіру үшін стратегиялық маңызды активтер – жолдар немесе маңызды инфрақұрылым Қытайға өтсе, аймақтық қарым-қатынас пен серіктестікке қауіп төнеді деп жазады сарапшылар.  

Қытайға қатысты ынтымақтастықтың экологиялық аспектісі де отқа май құйғандай әсер етеді. Бұл мәселеде синофобияны тұрақты түрде күшейтетін екі фактор бар — қытайлық кәсіпорындардың экологияға зиян келтіруінің гипотетикалық қаупі, сондай-ақ бұл туралы сенімді ақпараттың болмауы. Сенімді деректердің болмауы көбінесе қытайлық компанияларға қатысты әртүрлі қауесеттер мен негізсіз фобияларды тудырады дейді PaperLab зерттеуі.

2019 жылы Қазақстанға көшетін 55 қытай зауыты туралы жалған ақпараттың тарауы синофобия толқынын көтеріп жіберді. Ол кәсіпорындардың жағдайы қалай? 

Қазақстанда 52 жаңа кәсіпорын салу туралы инвестициялық келісім бірқатар қиындықтарға тап болды, соның нәтижесінде олардың көбі жүзеге аспай қалды. 2015 жылдан бастап 2022 жылғы шілдеге дейін 7,4 млрд АҚШ доллары сомасына 25 жоба іске қосылды, іске асыру сатысында құны 2,3 млрд АҚШ доллары болатын 9 жоба,  ал 18 жоба қарастыру сатысында тұр.

Мысалы, ҚХР Мемлекеттік мүлікті бақылау және басқару комитетінің мәмілені тіркеуден бас тартуына байланысты Қарағанды облысында вольфрам кен орнын игеру жобасы (950 млн АҚШ доллары) жойылды. Ал инвестор қазақстандық тараппен коммерциялық уағдаластықтарға қол жеткізе алмағандықтан, кремний өндіретін зауыттың жобасы (115 млн АҚШ доллары) іске асырылмай қалды. Сыбайлас жемқорлық жанжалына байланысты Астана қаласының LRT жаңа көлік жүйесін әзірлеу жобасы да тоқтады. Бұл жағдайда проблемалар көбінесе Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың әлсіздігіне байланысты.

Синофобия Орталық Азияның барлық еліне тән бе?

Қытайға қарсы көңіл-күй деңгейі әр елде әртүрлі. Мысалы, Қытай мен қытайдың Өзбекстандағы инвестицияларын қабылдауы көршілес Қырғызстан мен Қазақстанға қарағанда әлдеқайда жақсы. Қытайға қарсы жаппай акциялар немесе басқа формадағы синофобия байқалмайды. Атап айтқанда, өткен жылғы Central Asia Barometer деректеріне сәйкес, «Қытайдың инвестициялары біздің елімізде азаматтарымыз үшін жұмыс орындарын құратынына қаншалықты сенімдісіз?» деген сұраққа Өзбекстаннан келген қатысушылардың 70%-і Қытайдың инвестицияларына үлкен немесе белгілі бір сенімділік бар деп жауап берді. Салыстыру үшін қытайлық инвестициялардың оң әсеріне Қазақстанда сауалнамаға қатысқандардың тек 27%-і дәл осылай жауап берген.

Сонымен қатар Қытайға қарсы көңіл-күйдің өсуімен қатар, тіпті Қазақстанда да қытайфилия қарқын алуда. Республикада Қытайды ашықт қолдайтын, проқытайлық көзқарасты ашық ұстанатын қоғам қайраткерлерінің, бизнесмендердің, сарапшылар мен мемлекеттік қызметшілердің саны өсуде, ел мүддесіне сай келмейтін жобалар Қытаймен бірлесіп іске асырылуда, басым әріптесті таңдауда Қытай компанияларына артықшылық беріледі, Қытайды қолдайтын медиа күшейтіліп келеді.

Жақын арада өңір елдері Қытаймен қарым-қатынаста неге тап болады?

BRI Орталық Азиядағы өңірлік кооперация жобаларына қандай әсер ететіні үлкен мәселе болып қала береді. Бастапқыда бұл бастама Еуразиядағы өзара байланысты күшейтуге бағытталған болатын, бірақ он жылдан кейін біз екіұшты көріністі көреміз. Мысалы, Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан темір жолының жобасы жоғарыда аталған мақсатқа сай келмейтіні анық. Пекин кейіннен күшті және өзара байланысты Орталық Азияға қызығушылық таныта ма? Бұл сұрақтың жауабы жоқ.

Қытайдың болашақта BRI-ге қатысушы елдердегі ішкі саяси дағдарыстарға қалай жауап беретіні де түсініксіз болып қалады. ҰҚШҰ немесе басқа да әскери-саяси ұйым Орталық Азиядағы жағдайды тұрақтандыруға қатысатын сценарий енді Қытайдың мүддесіне сай келмейді. Тиісінше, бүгінде Бейжіңнің Тәжікстанмен тығыз әскери-техникалық және әскери-саяси ынтымақтастығы сынақ үлгісі бола алады, оның негізінде ҚХР Орталық Азия республикаларымен қарым-қатынас орнататын болады.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz