Сұйықты көп ішу қауіпті ме?

7 шілдеде Facebook қолданушысының бірі жазбасында сұйық көп ішуге болмайтынын, оның қауіпті екенін жазды. USA Today деректің қаншалық рас екенін тексеріп көрді.

Сұйықты көп мөлшерде ішсеңіз, натрий және басқа да электролиттер ағзаңызда сұйытылып, судан уланыңыз мүмкін. Одан жасушаларыңыз, соның ішінде ми жасушаңыздың ісіп кетуі ықтимал. Бұл – өмірге қауіп төндіретін нәрсе. Оны емдемесе, мидың зақымдалуына я өлімге әкеп соғуы мүмкін.

Жазба мәтіні

Фактчекерлер шынымен де суды көп ішкені салдарынан ауруханаға түскен немесе қайтыс болған жағдайларға қатысты көптеген зерттеу мен есеп бар екенін анықтады.

АҚШ-тағы UVA Health емханасының нефролог дәрігері Митчелл Рознердің айтуынша, жыл сайын елдегі бірнеше өлім сұйықты шамадан тыс тұтынуы кесірінен болады.

Спортшыларға арналған сұйықтарды қолдануға қатысты халықаралық нұсқаулық әзірлегендердің бірі Рознердің пікірінше, физикалық жаттығу жасап, көп су ішетін, бірақ оны ағзасынан шығарып үлгермейтін адамдар үшін қауіпті. Facebook-тегі жазбада айтылғандай, дене артық сұйықтан арыла алмаса, жасушалар, ми ісіп, адам өліп кетуі мүмкін.

Мұндай қайғылы жағдай жас адамдардың өліміне себеп болуы ықтимал“, – деді Рознер.

Адам үшін сұйықтың қауіпсіз мөлшері оның қаншалық белсенді екені, денсаулығы, дене температурасы сияқты бірнеше факторға байланысты. АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары (CDC) адамдар сағатына 48 унциядан көп емес (шамамен 1,4 литр), ал кей дәрігер сағатына бір литрден көп су ішпеу керек екенін ескертеді.

Рознердің айтуынша, адам суды физикалық тұрғыда қаншалық белсенді болғанына және қаншалық шөлдегеніне байланысты ішкені жөн. Ал UA Health диетологы Кэтрин Басбаум суды шөлдемей тұрып ішкен дұрыс екенін айтады. Бірақ оның мөлшерін асырып жіберуге де болмайды.

Басбаум мен Рознер адам психика жағдайы өзгергенін байқаса, шұғыл медицина көмегін алуы керек. Симптомдар айтарлықтай қорқынышты болмаса, тұзды тағам жегені және сұйық тұтынуды уақытша тоқтатқаны жөн.

Factcheck.kz