Шолпан ғаламшарында күн Жердегіден ұзақ па?

“Шолпан ғаламшарында күн Жердегіге қарағанда бір жылға ұзақ” деген мәлімдеме бірқатар онлайн-форумда (1, 2) және желіде тарап жүр. Осы тақырыпқа қатысты кезекті жазба 11 қарашада жарияланып, жүз мыңдаған лайк жинады. Snopes фактчекерлері деректі тексерді.

Бұл — шын ақпарат. Шолпандағы бір тәулік Жердегі 243 тәулікке тең. Ал ондағы бір жыл Жердегі 225 тәулікке тең.

“Бұл Шолпандағы күн жылға қарағанда ұзағырақ деген сөз”, – делінген NASA-ның ресурсында.

Ал біздің ғаламшарымыз өз осін 23 сағат 56 минутта, ал Күнді 365 тәулікте (бір жылда) бір рет айналады.

Шолпанның көлемі Жерден кіші болса да, баяу айналады. Соның себебінен ондағы тәулік ұзағырақ. Бұл туралы Гринвич корольдік музей обсерваториясының сайтында айтылған.

Шолпанға Күнді емес, өз осін айналуға көбірек уақыт — Жердегі 243 тәулік қажет. Бұл Күн жүйесіндегі ең жүйелі айналу процесі және оған Күнді толық бір айналып шығуға Жер шарындағы 224,7 тәулік керек.

Шолпанда Жер шарындағыдай бір тәулікте күн шығып, батып жатпайды. Шолпанда күн 117 тәулік бір рет немесе жылына тек екі рет ғана шығады.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz