Эмбрион ананың зақымданған мүшелерін қалпына келтіре ала ма?

Интернетте “құрсақтағы ұрық анасының зақымданған мүшелерін қалпына келтіру үшін оның денесіне дің жасушаларын жібереді” деген ғылыми мем тарады. Snopes фактчекерлері деректі тексеріп көрді.

Ұрықтың дің жасушаларының ана мүшелеріне тасымалдануы мен қосылуы “фетоаналық микрохимерия” деп аталады. Journal of Cancer Research and Clinical Oncology журналының 2016 жылғы мақаласында бұл құбылыс туралы былай жазылған:

“Ұрық жасушаларының микрохимериясы жүктіліктен кейін ондаған жыл бойы анадағы ұрық жасушаларында сақталып қалады. Ұрықтың микрохимерлік жасушалары ананың сүйек кемігіне сіңіп, қан, тін арқылы көше алады”.

Дің жасушалары — әртүрлі ұлпаға айнала алатын және ұрықтың дамуында маңызды рөл атқаратын негізгі материал. Фетоаналық химеризмнің идеясы — әртүрлі генетикаға қарамастан, дің жасушаларының ана денесіне толық интеграциялануы үшін эмбрион жүйеден тасымалдана алуы.

Ғалымдар фетоаналық микрохимеризманы он жылдан зерттеп келеді. Мысалы, 1996 жылы Proceedings of the National Academy of Sciences-қа жарияланған зерттеуге сәйкес, генетика тұрғысынан ерекшеленетін аталық ұрық жасушалары туғаннан кейін 27 жыл бойы ана ағзасында сақталады.

Тағы бір зерттеу нәтижесіне сүйенсек, эмбрионал жасушалар адамда ғана емес, зертханалық тышқандарда да кездеседі. Ұрықтың микрохимерлік жасушалары әртүрлі аналық тін мен мүшелерде, соның ішінде қанда, сүйек кемігінде, теріде және бауырда бар.

2015 жылы Circulation Research журналына жарияланған зерттеу бойынша, ұрықтың бағаналы жасушалары тышқандардағы аналық мүшелерін қалпына келтіруге көмектеседі. Ғалымдар эмбрионал дің жасушалары зақымдалған жүрек бұлшықетінің жасушаларына бағытталғанын және ананың жүрегіне біріктірілгенін анықтады.

Бұл зерттеу тышқандарда жасалса да, “осыған ұқсас құбылыстар адамдарда болуы мүмкін” деген қорытынды жасауға көмектесетін көптеген басқа зерттеу бар.

Factcheck.kz