Snapchat ата-аналарға қатысты жаңа функцияны іске қосты

Snapchat ата-аналарға бақылау порталын іске қосты. Енді ата-аналарға балаларының кіммен сөйлескенін тексеруге болады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Қолданбадағы «Отбасы орталығы» деп аталатын жаңа функция арқылы ата-аналар баласының достарының тізімін, сонымен бірге, кейінгі жеті күнде кіммен хат алысқанын көре алады. Дегенмен, ата-аналар чат тарихын оқи алмайды.

Snapchat preparing to launch parental monitoring
Snapchat желісіндегі жаңа функция

Бұдан бөлек, ата-аналар модераторға хабарлау арқылы Snapchat саясатын бұзған аккаунтқа шағымдана алады.

Бала «Отбасы орталығына» қосылу туралы шешімді өзі қабылдайды. Сонымен қатар, функция кәмелетке толмаған жасөспірімдер үшін жасалғандықтан, 18 жасқа толған пайдаланушылар «Отбасы орталығынан» автоматты түрде жойылады.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz