Bard авторлары: ЖИ чат-ботына құпия деректерді жазбау керек

Смартфон үшін қолданатын генератив жасанды интеллектің интеграциясы тез дамып жатыр. Дегенмен сарапшылар қолданушылар бұл қарқынын сәл бәсеңдетуі керек екенін айтады. Себебі ол ыңғайлы болғанымен, құпия мәліметтер мен жеке басқа қауіп төндіруі мүмкін. Бұл туралы SecurityLab жазады.

Адам чат-ботпен әңгімені өрбітіп басқанда, сақтық шараларын ұмытып жатады. Себебі олар сенімді, сұрағына жауап беретін пайдалы досымен сөйлесіп отырғандай болады. Дегенмен ол жай ғана ауқымды есептеуіш инфрақұрылымның интерфейсі. Оның артында жарнама мен деректер саудасы жатқанын ескеру қажет.

Жақында Gemini-ге айналатын Google-дың Bard және басқа қолданбаларының анонсынан соң, Google Android және iPhone қолданушыларының бәрін сақ болуға шақырды.

Компания Gemini Apps-тағы әңгіме таргет жарнамасы үшін қолданылмайтынын айтты. Бірақ бұл нәрсе болашақта болып қалуы мүмкін екенін ескертті.

Мәселе мынада: адамдар қызметіне қатысты жоспарын немесе сатуға қатысты презентациясын жасау үшін, тіпті мектептегі дәріске арналған шпаргалкасын дайындау үшін жасанды интеллектіге жеке әрі құпия ақпаратын беріп қояды. Кейін адам чаттан шығып кетсе де, оның чат-ботқа қойған сұрақтары мен жауаптары ішкі базада сақталып қалады. Ол кейін қолданылуы мүмкін.

Басылымның хабарлауынша, мұндай ауқымда дерек жинау және қолдану – генератив ЖИ-дің жаңа секторы үшін қалыпты нәрсе.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz