Сарапшылар әлеуметтік желі қызметін шектейтін даулы қаулыны талқылады

9 тамызда «Қазақстандағы интернетті реттеу: азаматтық қоғам мен бизнеске төнетін қауіп» атты онлайн дискуссия өтті. Пікірталасқа қатысушылар ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне әлеуметтік желі мен мессенджерлердегі контентті цензуралауға мүмкіндік беріп, қазақстандықтардың сөз бостандығы мен цифрлық құқын шектеуі мүмкін деп алаңдайды.

Пікірталас спикерлері осы тақырыпқа қатысты бірнеше тезисті талдады.

Интернетті өшіру және бұғаттау — сөз бостандығын, ақпаратқа қол жеткізу құқын және басқа да құқықтарды бұзады. БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі сарапшылары интернетке қол жеткізу адамның негізгі құқықтарының бірі екенін хабарлайды. Бұдан бөлек, көптеген халықаралық, ұлттық, аймақтық соттар интернетті өшіруді заңсыз әрекет деп таныды. Яғни, билік интернет платформаларды ерікті түрде, еш себепсіз бұғаттай алмайды.

Наталья Крапива, Access Now (АҚШ) цифрлық құқықтарды қорғау бойынша соттың стратегиялық қатысуы бөлімінің басшысы


Пікірталасқа ресейлік “Общества защиты интернета” ұйымының басшысы Михаил Климарев, Қазақстандағы Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Халықаралық бюро директоры Евгений Жовтис, Digital Paradigm қоғамдық қорының директоры, цифрлық құқық бойынша сарапшылар тобының мүшесі Елжан Қабышев, Robokassa.kz бас директоры Владимир Джабаров және MediaNet халықаралық журналистика орталығының директоры Адиль Джалилов қатысты.

Іс-шараны MediaNet Халықаралық журналистика орталығы Сорос-Қазақстан Қорының қолдауымен Expert Public Space онлайн сарапшылық алаңының жұмысы аясында ұйымдастырды.

Контекст

  • 22 шілдеде ҚР Үкіметі «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы №142 қаулысына толықтырулар енгізу туралы” қаулыға қол қойды.
  • Бұл қаулы азаматтық қоғамды алаңдатып отыр. Жаңа өкілеттік ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне әлеуметтік желі мен мессенджерлердегі контентті цензуралауға мүмкіндік беріп, қазақстандықтардың сөз бостандығы мен цифрлық құқын шектеуі мүмкін.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz