Ресейлік медиаларға мобилизация жөнінде ақпарат таратуға тыйым салынды

Ресей кремлшіл медиаларға мобилизация туралы ақпарат таратуға тыйым салды. Бұл туралы The Moscow Times хабарлады.

Басылымның мәліметінше, тіпті Мемлекеттік Дума мен Федерация кеңесі мобилизацияға қатысты мәлімдеме жасаса да, оны БАҚ беттерінде жариялауға болмайды.

Бұған дейін қазіргі мобилизация, алда болуы мүмкін сценарийлер мен болжамдар туралы жазатынбыз. Енді мұның бәрін тоқтатты. Талапта Мемлекеттік Думаның депутаты немесе сенатор айтса да, оның мәлімдемесін жазуға болмайтыны айтылған.

The Moscow Times-тың кремлшіл медиадағы дереккөздері

Алайда Мемлекеттік Думадағы жүйелі оппозиция фракциясының өкілінің айтуынша, депутаттарға мобилизация жөнінде пікір білдіруге шектеу қойылмаған.

Басылымның хабарлауынша, мұндай цензура Ресейде мобилизацияның екінші толқыны туралы қауесет пен қорғаныс министрі Сергей Шойгудың армияға баратындардың санын 350 мыңға ұлғайту жайында шешімінен соң күшейтілді.

Factcheck.kz