Журналист Михаил Козачков екі айға қамалды

Қазақстандық журналист Михаил Козачков екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Алматы сотының баспасөз қызметі хабарлады.

20 желтоқсанда Алматының тергеу соты тергеу органдарының Михаил Козачковқа қатысты бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішін қарау аяқталды.

Тергеу сотының қаулысымен тергеу органдарының 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды. 2023 жылға дейін күзетпен ұстау түріндегі санкция беру туралы шешім қабылдады. Қаулы заңды күшіне енген жоқ. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу құпия түрде жүзеге асырылғандықтан, тергеп-тексеруге қатысты өзге де мәліметтер жарияланбайды.

Алматы сотының баспасөз қызметі

Контекст

18 желтоқсанда ҚР Қаржы мониториң агенттігі қазақстандық журналист Михаил Козачковты ұстады. Ол Елдос Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобының рейдерлік басып алу бойынша қылмыстық ісіне қатысы бар деген күдікке ілінген. БАҚ өкілдері мен құқыққорғаушылар ұстау кезінде журналистің бірқатар құқығы бұзылғанын айтып, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады. Осыдан кейін бас прокуратура Козачковқа қатысты істі тергеуге кірісті.

Factcheck.kz