Сорос-Қазақстан қоры CAPS Unlock орталықазиялық сараптама орталығына айналды

Сорос-Қазақстан қоры (СҚҚ) CAPS Unlock (Central Asian Policy Studies) орталықазиялық сараптама орталығына айналды. Ұйым Орталық Азия елдеріндегі пробелмаларды шешу үшін аймақтағы зерттеушілерді біріктіреді.

CAPS Unlock-тың миссиясы — диалог алаңын дамыту, сапалы зерттеулер жүргізу және аймақтағы сараптамалық қауымдастықты нығайту арқылы Орталық Азиядағы ашық қоғам құруды қолдау.

Ұйымның атқарушы директоры Аида Айдаркулованың айтуынша, CAPS Unlock әлеуметтік-экономикалық теңсіздік, цифрлық демократия, білім беру, климаттың өзгеруі, Орталық Азияның геосаяси және геоэкономикалық келбеті, колониал өмірдің салдары сияқты мәселелерге зерттеу жүргізеді. Оған қоса технология тенденцияларын талдап, маңызды салаларға ықпалын болжайды. 

Орталық Азия елдерінің бәрі мұхитқа шыға алмайтыны белгілі: әйтсе де бұл біздің зерттеушілердің әлемдік ойларға, дебаттар мен сарапшылармен пікір алмасуға мүмкіндігін арттырады деген сенімдеміз. Осы мақсатта біз аймақты алаңдататын проблемалар бойынша тәуелсіз зерттеулерді алға жылжытып, елдеріміздегі ғалымдар мен мамандарды әлемдегі басқа әріптестерімен біріктіреміз, сарапшылар арасында онлайн және оффлайн форматта пікірталастар ұйымдастарымыз.

Аида Айдаркулова, CAPS Unlock орталығының атқарушы директоры.
Сорос-Қазақстан қоры CAPS Unlock орталықазиялық сараптама орталығына айналды

Ұйымның кеңесіне Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстандағы беделді сарапшылар кірді. Олар – әлеуметтанушы Гүлнора Бекназарова, филология ғылымдарының кандидаты Жұлдыз Смағұлова, саясаттанушы Медет Тюлегенов, экономист Юлий Юсупов.

Жаһандық сын-қатер заманында кез келген деңгейде сапалы шешім қабылдануы керек. Саяси басқару шешімдерінің нұсқаларын жасау, талқылау және алға жылжыту аймақ үшін өте маңызды. Бұл жағынан CAPS Unlock орталығының өзіндік миссиясы мен нишасы бар. 

Медет Тюлегенов, CAPS Unlock орталығының сарапшысы.
Сорос-Қазақстан қоры CAPS Unlock орталықазиялық сараптама орталығына айналды

Сараптама орталығы Біріккен ұлттар ұйымы (БҰҰ) мен Экономикалық ынтамақтастық пен даму ұйымы (ЭЫДҰ) сияқты халықаралық институттармен серіктес болуға дайын. CAPS Unlock аймақтан бөлек, Еуропа, Солтүстік Америка және Азия елдеріндегі аналитикалық орталықтармен серіктестік орнатады.

Контекст

Сорос-Қазақстан қоры елде 28 жыл қызмет етті. Осы уақыт аралығында қор денсаулық сақтау, білім, ғылым, адам құқығы саласына, бұған қоса, мемлекет қаржысының ашықтығы және есептілігіне, осал топтардың мүддесін қорғауға, баспасөз құралдарына, сонымен қатар, экономика реформаларын қолдауға грант бөлді.

Factcheck.kz