Қазақстандағы аса маңызды археологиялық ескерткіштер тоналып жатыр ма?

15 наурызда өткен ұлттық құрылтайда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы аса маңызды археологиялық ескерткіштердің көбі әбден тоналды деген дерек келтірді. Президенттің сөзінше Қазақстандағы құнды жәдігерлер шетелдегі жеке коллекциялардан және әлемнің әртүрлі мұражайларында тұр екен. Осы мәлімдемені Factcheck.kz тексеріп көрді.

Мәлімдеме: Соңғы жиырма жыл ішінде еліміздегі аса маңызды археологиялық ескерткіштердің көбі әбден тоналды. Тіпті, еліміздің аумағынан табылған құнды жәдігерлерді Қазақстандағы, шетелдегі жеке коллекциялардан және әлемнің әртүрлі мұражайларынан көретін болдық.

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы

Үкім: Жалған

Мәдениет және ақпарат министрлігінің редакцияға берген жауабына сәйкес бүгінгі күнге дейін аса маңызды археологиялық ескерткіштердің тоналу фактілері тіркелмеген.

Қазақстан аумағында табылып, шетелде сақталып тұрған ескерткіштердің нақты саны жоқ, бірақ ғылыми жұмыстардың негізінде жинақталған мәдени құндылықтар Франция, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Татарстан мемлекеттерінде кездеседі. Қазіргі таңда Қазақстанда 12 867 тарихы және мәдениет ескерткіші болса, соның 10 мыңнан астамы мемлекеттік тізімге енгізілген археологиялық ескерткіштер.

Factcheck.kz