Ресейлік студент ChatGPT көмегімен диплом жұмысын жазды

Ресейлік студент Александр Жадан жасанды интеллект көмегімен бір тәулік ішінде диплом жазып, оны қорғап шықты. Ол нейрожеліден диплом жоспарын құруды, кейін барлық мәтінді жазуды сұраған. Жұмыс 82% бірегейлік деңгейін көрсетіп, плагиатқа қарсы тексерістен өткен. Бұл туралы “Коммерсант” басылымы хабарлады.

Студент “қанағаттанарлық” деген баға алды. Өзінің айтуынша, ол диплом жұмысын жазуға бірнеше күн — жалпы есептегенде 23 сағат жұмсаған.

Ғылыми жетекшім жұмысымның кей жерінде байланыс жоқ екенін және орыс тілі грамматикасын пысықтауым қажет екенін айтты. Ескертулермен айналыстым. Мұны да чат-бот арқылы жасауға тырыстым, бірақ сәл қате шықты. Сол себепті көбін өзім өңдедім, дегенмен ChatGPT ұсынысына да қарап отырдым.

Александр Жадан, студент

Студенттің жасанды интеллект арқылы диплом жазғаны туралы жаңалық тараған соң Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті танымал чат-боттың бірі студенттердің “оқу ықтималына зиянын” тигізетінін алға тартып, оны қолдануда шектеу енгізуге шақырды. Университеттің мәлімдеуінше, білім беру қауымдастығы нейрон желілері мен жасанды интеллект салдарынан жаңа сынаққа тап болды. Сондықтан мамандар мен ғылыми қауымдастық диплом жұмыстарын қайта тексеретініне уәде берді.

Контекст

Жақында GPT-3 чат-боты Пенсильвания университеті аясындағы Уортон бизнес мектебінің іскер әкімшілік магистрі (MBA) бағдарламасы бойынша емтиханды сәтті тапсырды.

Ал жыл басында Нью-Йорктегі (АҚШ) мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне жасанды интеллект көмегімен шынайы мәтін құрастыратын ChatGPT чат-ботын қолдануға тыйым салынғаны белгілі болды. Олар енді білім беру гаджеттері немесе ішкі желілер арқылы чат-ботты пайдалана алмайды.

Factcheck.kz