Нью-Йорк мектептеріне ChatGPT қолдануға тыйым салынды

Нью-Йорктегі (АҚШ) мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне жасанды интеллект көмегімен шынайы мәтін құрастыратын ChatGPT чат-ботын қолдануға тыйым салынды. Олар енді білім беру гаджеттері немесе ішкі желілер арқылы чат-ботты пайдалана алмайды. Бұл ақпаратты мемлекеттік орган Chalkbeat басылымына растады.

Департаменттің мәлімдеуінше, жасанды интеллект мәтінінің мазмұны оқушылардың білімі мен қауіпсіздігіне зиян келтіреді.

Құрал сұрақтарға жылдам және қарапайым жауаптар тауып берсе де, оқуда және өмірде табысқа жету үшін қажет сыни ойлау дағдыларды дамытпайды, мәселелерді шешуді үйретпейді.

Дженна Лайл, Нью-Йорктің білім департаментінің өкілі

Дегенмен кей мектеп оқушылары мен мұғалімдері чат-бот негізіндегі технологияны меңгергісі келсе, оған білім беру гаджеттері және ішкі желілер емес, басқа құрылғылар арқылы кіре алады.

Factcheck.kz