ChatGPT үздік бизнес мектептің бірінде емтиханды сәтті тапсырды

GPT-3 чат-боты Пенсильвания университеті аясындағы Уортон бизнес мектебінің іскер әкімшілік магистрі (MBA) бағдарламасы бойынша емтиханды сәтті тапсырды. Бұл туралы NBC News жазды.

Осы оқу орнының профессоры Кристиан Тервиштің айтуынша, жасанды интеллект технологиясын қолданатын бот шынайы емтиханға қатысса, “жақсы” деген баға алар еді.

Тервиш эксперимент “жалпы жоғары жалақы алатын ақыл-ой жұмысшыларының, атап айтқанда, MBA түлектері, оның ішінде аналитиктер, менеджерлер және кеңесшілер лауазымдарындағы ақыл-ой жұмысшыларының кейбір дағдысын автоматтандырудың керемет қабілетін” көрсетеді деп санайды.

Сонымен қатар профессор боттың “операцияларды басқару мен процестерді талдау, оның ішінде жағдай зерттеулеріне негізделген мәселелерге қатысты керемет жұмыс атқарғанын” айтты.

Контекст

Жақында Нью-Йорктегі (АҚШ) мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне жасанды интеллект көмегімен шынайы мәтін құрастыратын ChatGPT чат-ботын қолдануға тыйым салынды. Олар енді білім беру гаджеттері немесе ішкі желілер арқылы чат-ботты пайдалана алмайды. 

Factcheck.kz